2018 ж. 19-23 қарашасында Женевада Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы ІҚК шеңберінде іс шараларға қатысады
Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы, әскери роботтарға тыйым салу бойынша халықаралық Кампанияның мүшесі бола отырып, ізгіліксіз қару туралы Конвенция аясында БҰҰ-да Женевада келесі іс шараларға қатысатын болады:
- соғыстың жарылу қаупі бар қалдықтары туралы V Хаттаманың қолданысын қарастыру жөніндегі Жоғарғы Уағдаласушы Тараптардың 12-ші Конференциясы (19 қараша 2018 жыл);
- миналарды, қақпан-миналарды және басқа құрылғыларды қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы түзетілген II Хаттаманың қолданысын қарастыру жөніндегі Жоғарғы Уағдаласушы Тараптардың 20-шы жыл сайынғы Конференциясы (20 қараша 2018 жыл);
- ізгіліксіз қару туралы Конвенцияның қолданысын қарастыру бойынша Жоғарғы Уағдаласушы Тараптардың 2018 жылғы кездесуі (21-23 қараша 2018 жыл).
Бізді твиттерде #КНО және #CCWUN хэштегтері бойынша оқыңыз.