Астана 12:51
Женева 08:51
Нью-Йорк 02:51

Жаңалықтар

Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы Женевада БҰҰ Конференцияда сөз сөйледі

2018 ж. 21 қарашасында Женевада Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының Директоры Алимжан Ахметов зақымдау әрекетіндегі қарулардың автономды жүйелерінің мәселелері 
бойынша ізгіліксіз қару туралы Конвенцияның Жоғары Уағдаласушы Тараптарының кездесуінде сөз сөйледі.
 
Біз зақымдау әрекетіндегі қарулардың автономды жүйелеріне, басқаша айтқанда, робот-өлтірушілерге превентивті заңды түрде міндеттейтін тыйым салуды қолдаймыз. Мұндай қару-жарақтың түрлері әлі жоқ, бірақ олар бөлек мемлекеттермен белсенді түрде дамытылып жатыр. Халықаралық қоғамдастық бірігіп, қарудың бұл түріне тыйым салуы тиіс. Адамның өмірі мен өлімі туралы шешу құқығын роботтарға беруге болмайды. Мұндай жүйелер аяушылық білдіруге қабілетті емес  және олардың дамуы халықаралық гуманитарлық құқыққа қайшы келеді, адамзаттың негізгі моральдық-өнегелік құндылықтарын бұзады.
 

Біздің Twitter

Facebook