АСОЛД бойынша өңірлік конференция; алдын ала тыйым салу
2019 жылдың 18-19 сәуірінде Нұр-Сұлтанда (Қазақстан) әскери роботтарға тыйым салу бойынша Науқанның (Campaign to Stop Killer Robots) қолдауымен «Өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелері: алдын ала тыйым салу»өңірлік Конференциясы өтті. Конференцияға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның түрлі мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар өз елдеріндегі және БҰҰ алаңындағы АСОЛД мәселесінің жай-күйін талқылап, осындай қару-жарақ жүйелеріне тыйым салудың және маңызды адами бақылауды сақтаудың қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Конференция жұмысының қорытындылары бойынша төмендегі қол жеткізген келісулер белгіленген Мәлімдеме қабылданды:
- халықтың/сарапшылар ортасының/ұлттық деңгейдегі үкіметтердің АСОЛД-тың әлеуетті қауіптері туралы хабардарлығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
-аймақтың үкіметтік емес ұйымдарының/аналитикалық орталықтарының/академиялық орталарының АСОЛД және жалпы халықаралық қауіпсіздік мәселесі бойынша ынтымақтастықты дамытуды және өзара әрекеттесуді нығайтуды жалғастыру;
- тиісті халықаралық заңды міндеттейтін құралды әзірлеу және қабылдау мақсатында ізгіліксіз қару туралы Конвенция алаңында аймақ мемлекеттерінің өзара әрекеттесуі мен ынтымақтасуына көмек көрсету.