Астана 02:29
Женева 22:29
Нью-Йорк 16:29

Жаңалықтар

ҚР Ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауіпсіздік және экология Институтымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қою

А.ж. 25 сәуірде Курчатовта Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының Директоры Әлімжан Ахметов және  ҚР Ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауіпсіздік және экология Институтының Директорының орынбасары  Асан Айдарханов бұрынғы Семей сынақ полигонына барған кезде Институтпен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер туралы Шартқа қол қойды. 

Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы Қазақстандағы Швейцария Елшілігімен және ҚР Ұлттық ядролық орталықпен бірге  Қазақстанда жұмыс жасайтын шетелдік жас дипломаттар үшін ядролық қарусыздандыру саласында бірлескен білім беру жобасын іске қосады. 

Сонымен бірге шетелдік дипломаттар тұрақты негізде полигонның тарихы мен ядролық сынақтардың апатты гуманитарлық зардаптарын  өз көзімен көру үшін бұрынғы Семей полигоны мен ССП мұражайына барып тұратын болады.

Біздің Twitter

Facebook