Дипломатия институтында "Жел қайда соқты" деректі фильмінің кинокөрсетілімі
А.ж. 26 сәуірде Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы Дипломатия институтымен бірге Институт магистранттарына "Жел қайда соқты" (Where the Wind Blew) атты фильмін көрсетті. Фильм «Невада - Семей» ядроға қарсы қозғалыс пен ядролық сынақтардың апатты гуманитарлық салдары туралы баяндайды.