Arms Control Today, жаңалықтар, наурыз 2019 ж.
Құрметті достар!
Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы Arms Control Today ай сайынғы журналдан қазақ және орыс тілдеріне аударып, жаңалықтарды жариялау жолымен The Arms Control Assosiation бірлескен жобасы туралы хабарлауға қуанышты. Журнал жаңалықтарын қазақ және орыс тілдерінде оқу мүмкіндігі Қазақстан және Орталық Азия аумағының тұрғындары мен сарапшыларын халықаралық қауіпсіздік саласындағы ағымдағы процестер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге өз үлесін қосады деп санаймыз.
МОКС-отын бағдарламасы бойынша қайтарымсыз соққы берілді
АҚШ-тың Федералды апелляциялық соты 8 қаңтарда АҚШ-тың Оңтүстік Каролинадағы аралас тотықты отын (МОКС-отын) өндіру зауытын құру бағдарламасын құтқару күштеріне қосымша соққы берді.
АҚШ-тың төртінші аймақтық апелляциялық соты МОКС-отын даулы бағдарламасының қызмет атқаруын тоқтату бойынша жоспарларын жүзеге асыруға энергетика Министрлігіне кедергі келтіріп жүрген аймақтық соттың тыйым салуын жойды. (ACT, 2018 жылы желтоқсан қар.)
Сот шешіміне қосымша 8 ақпанда АҚШ-тың ядролық реттеу бойынша Комиссия CB&I AREVA MOX Services мердігердің жобаны жүзеге асыруды жалғастыруға лицензиясын жойды.
Savannah River Site Watch ядролық объектілердің мониторингі тобының директоры Том Клементс лицензиясын жою бойынша «қайтарымсыз қадамды» және «ысырапшыл және нашар ұйымдастырылған жобаны» тоқтату туралы шешімді мақұлдады.
Бір кездерде Біріккен Штаттар ядролық қару жасау бойынша бағдарламалардан қалған артық плутонийдан арылуға ниеттенген, оны азаматтық атомдық электр станциялары үшін отын өндірісіне пайдаланды. Осы саяси шешімді іске асырудағы шарықтаулар мен құлдыраулар болған бірнеше жылдардан кейін, 2018 жылдың қазан айында энергетика Министрлігі отын өндірісі бойынша жоспарларын тоқтатып, оның орнына «сұйылту және пайдаға асыру» жоспарын ұстануды шешті. АҚШ-тың Басты бақылау басқармасының өткен жылы жүргізген бағалауларына сәйкес, шамамен 6 миллиард доллар күші жойылған жобаға жұмсалған. Жергілікті жаңалықтардың мәліметтері бойынша, жобаның күшін жою 2019 жылдың қаңтар айының соңына қарай 1000-нан астам қызметкердің жұмыстан шығуына алып келген.
Сенатор Линдси Грэхам (Респ. партия – Ю.К.), МОКС-отын жобасының жақтаушысы, бағдарламаның күшін жою «үлкен қателік» және «алды ойластырылмаған қадам» деп атады.
Қазіргі уақытта МОКС-отын өндірісін өзекшелерді өндіруді арттыру туралы Трамп әкімшілігінің нұсқауын орындау үшін заманауи ядролық қарудың бірінші сатыдағы бөлшектенетін материалмен жабдықталған плутонийлік өзекшелердің өндірісіне арналған орталыққа қайта құру жоспарланып отыр. — ШЕРВИН ТАХЕРАН
Сауд Арабиясы зымырандық қару-жарақ өндіру зауытын салды
2019 жылы қаңтардың аяғында АҚШ-тың ашық көздеріне жүргізілген талдауға сәйкес, жерсеріктен түсірілген суреттердің көрсетуі бойынша, Сауд Арабиясы баллистикалық зымырандарды өндіретін өзінің алғашқы зауытын салды. Мұндай зауыт Эр-Риядтағы Қытаймен жеткізілетін орташа қашықтықты баллистикалық зымырандар арсеналын толтырар еді.
Аль-Вата аумағындағы Монтерей қаласының Миддлбери халықаралық зерттеулер Институтымен талданған зымырандық базалардың кескіндері Сауд Арабиясы зымырандық қозғалтқыштар мен сынақ кешенінің өндірісін қосып, объектісін кеңейткенін көрсетеді, алайда осы кезеңде зымыран өндіретіні анық емес. Зауыттың сипаттамалары Сауд Арабиясының мақсаты сұйық отындағы жүйелерге қарағанда, тезірек іске қосыла алатын қатты отынды қозғалтқыштарымен баллистикалық зымырандар болып табылатынына сілтейді. Кескіндерді зерттеу үшін «Вашингтон пост» газетімен шақырылған талдаушылар Миддлбери командасымен келісті.
Сауд Арабиясында баллистикалық зымырандарды өндіру бойынша объектінің болуы және Иранмен ядролық мәміленің белгісіз болашағы Эр-Рияд ядролық қару жасаудың құпия бағдарламасына қажетті мүмкіндіктерді көздеуі мүмкін деген қауіп тудырады. Сауд Арабиясы бүгінгі таңда Біріккен Штаттармен азаматтық ядролық ынтымақтастық туралы келісім жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде және отын өндірісі үшін плутонийді қайта өңдеу мен уранды байытудан зауықсыз бас тартуда, сонымен қатар осы мәміле аясында қатаңрақ халықаралық бақылауға зауықсыз келісуде.
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мухаммед бен Салман 2018 жылы наурыз айында «егер Иран ядролық бомба әзірлесе, біз мүмкіндігінше тезірек соның жолына түсеміз» деп мәлімдеді.
Сауд Арабиясы Қытайдан алған баллистикалық зымырандарға ие. Эр-Рияд бір жүйені көрсетті — 2014 жылы шерудегі 3000 километр қашықтықта DF-3. Хабарламалар бойынша, Пекин зымырандар ядролық оқтықтарды жеткізу үшін пайдаланылмауды қамтамасыз етуге шаралар қолданды. Аль-Вата базасы, бәлкім, сындай жүйелерді орналастыру үшін 2013 жылы құрылған болатын. — КЕЛСИ ДЭВЕНПОРТ
Сауд Арабиясындағы ядролық келіссөздер туралы әшкерлеуші есептеме
Трамп әкімшілігінің ақпан айында Сауд Арабиясында азаматтық ядролық технологияларды сатуға қолғабыс ету бойынша күштері Конгресс назарын қайта аулады. АҚШ-тың қадағалау Комитеті 19 ақпандағы баяндаманы жариялады, мұнда Ақ үйдің атомдық энергия туралы Заң бойынша заңи міндеттемелерді орындамаумен қатар ядролық энергетикалық реактороларды сатуды жылдамдату бойынша күштері сипатталады, ол ядролық технологиялар мақсаты бойынша пайдалануының кепілдігі үшін екіжақты келісім бойынша келіссөздер жүргізуді талап етеді.
Хашим Ямани, король Абдулла атындағы атомдық және жаңғырмалы энергетика Паркінің президенті, 2016 жылы Ақ Үйге іс-сапармен келді. (Фотогсурет: Оливье Доулири/AFP/Getty Images)
Баяндамада әкімшілік Сауд Арабиясының ядролық реакторларын сатуға қол жеткізу үшін 2017 жылы «әдепсіз және әлеуетті заңсыз» іс-әрекеттерді қолданғаны жайлы Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздігінің қызметкерлерінің алаңдаушылығы баяндалған. Сонымен бірге, баяндамада ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Майкл Флинн, ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің персоналы жөніндегі бұрынғы директор Дерек Харви және бірнеше атаулы бұрынғы лауазымды тұлғалар мен Дональд Трамптың көмекшілері, соның ішінде оның аға кеңесшісі және күйеу баласы Джаред Кушнер аталған.
Сауд Арабиясының өздеріне қатысты заң бөлімі бойынша 123 Келісім ретінде белгілі осы келісімдердің «алтынстандартын» қабылдауды қаламауы ядролық қаруды таратпау бойынша сарапшыларды алаңдатты. 2009 жылы Біріккен Араб Әмірліктері және 2013 жылы Тайвань сияқты осы стандартты қабылдаған елдер өздерінің ядролық қызметінің бейбітшіл сипатын растау үшін уранды байытудан немесе плутонийді қайта өңдеуден бас тартуға және атомдық энергия бойынша Халықаралық агенттікпен кепілдіктер туралы Келісімге қосымша хаттаманы қабылдауға келісті. Сауд Арабиясы жөніндегі қауіптенулер Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мухаммед бен Салманның Иран жасаған жағдайда, Сауд Арабиясы ядролық қару-жарақ әзірлейді деген өткен жылғы мәлімдемесінен кейін және 2018 жылы қазан айында "Вашингтон пост" шолушысы Джамал Хашоггидің өлтірілгенінен кейін күшейді. (ACT, 2018жылы желтоқсан қар.)
Осы кезде Конгресс мүшелері Конгресс тарапынан қадағалауды күшейтетін заңнаманы күшіне ендіре отырып, 123 Келісім бойынша келіссөздерді мұқият бақылауды жалғастырды. Өкілдер Палатасының мүшесі Брэд Шерман (Дем. партия – Калифорния), ядролық қаруды таратпау жөніндегі шетелдік істер жөніндегі өкілдер Палатасының шағын комитет төрағасы, Конгреске 123 келісімді мақұлдауда белсендірек рөл ойнауға мүмкіндік беретін заңжобаларды ұсынды. 12 ақпанда сенаторлар Джефф Мерклимен (Дем. партия – Орегон), Рэнд Полмен (Респ. партия – Кентукки) және Эд Маркимен (Дем. партия – Массачусетс) қабылданған екіпартиялық қарарда Сауд Арабиясымен жасалған кез-келген келісім алтын стандартқа сай болуы тиіс деп айтылады — ШЕРВИН ТАХЕРАН
ЖИ пайдалану үшін Пентагон «этикалық қағидаларды» әзірлеуде
Жасанды интеллект (ЖИ) бойынша сарапшылар АҚШ-тың әскери бағдарламаларын қолдайды деген үмітпен, АҚШ қорғаныс Министрлігі әскери қимылдарда ЖИ пайдалану үшін «этикалық қағидаларды» әзірлеуде, 2019 жылы қаңтарда интернет-журнал Defense One хабарлады. Қорғаныс Министрлігінің басшылары қорғаныс саласындағы инновациялар жөніндегі Кеңеске, құрамына Кремний алабының басшылары кіретін кеңес беру тобына, 2019 жылы бірқатар ұсыныстар ұсыну үшін жүгінді.
Қағидаларды әзірлеу бойынша күштер ЖИ тәжірибесі қорғаныстық бағдарламаларда пайдалануына қарай олардың мамандарының алаңдаушылығын білдіруден туындайды. Мысалы, 2018 жылы мамырда Google 4000-нан астам қызметкерлері күдікті террористер мен олардың жасырын жайларын дрондағы бейнежазбалардың жасанды интеллектісімен баға беру үшін компанияны Пентагонмен қаржыландырылатын Project Maven жобасымен жұмысты тоқтатуға шақыратын петицияға қол қойды. Қызметкерлер өздерінің азаматтық сектордағы жұмыстары әскери мақсаттарда пайдаланылады деген алаңдаушылықты білдірді.
Ақырында Google Maven жобасы бойынша шартты ұзартпайтынын хабарлады және «негізгі мақсаты немесе іске асырылуы адамдарға зиян келтіруі немесе зиян келтіруді тікелей жеңілдетуде болатын қару-жарақ немесе өзге технологиялар үшін» ЖИ ешқашан әзірлемейтініне уәде берді.
Google іс әрекеттері қорғаныс Министрлігінде алаңдаушылықтар тудырды, мұнда жоғары лауазымды шенеуніктер жақсартылған ЖИ қару-жарақ дайындауға жетекші америкалық инженер-программистерді және басқа да әскери жүйелерді тартатынын жоспарлап отыр.
Қорғаныс саласындағы инновациялар жөніндегі Кеңес, қорғаныс министріне көмек көрсету үшін 2016 жылы құрылған тәуелсіз федералды кеңес беру комитетін Google бас компаниясының Alphabet бұрынғы атқарушы төрағасы Эрик Шмидт басқарады. Кеңес осы мәселе бойынша бірқатар пікірлер жинау үшін барлық ел бойынша ғалымдармен, ғылыми қызметкерлермен, заңгерлермен және басқа да мамандармен өзінің ашық және жабық кездесулер сериясын бастады. — МАЙКЛ Т. КЛЭР
АҚШ Жапонияның РҚҚ сатуын қолдады
2019 жылы 29 қаңтарда Трамп әкімшілігі Жапонияның зымыранға қарсы қорғаныс (РҚҚ) жүйелерін 2,2 миллиард долларға сатуға өзінің ақырғы мақұлдауын берді. Конгресс қорғаныстық ынтымақтастық пен қауіпсіздік бойынша АҚШ қорғаныс министрлігінің Басқармасынан Aegis Ashore тосқауылшы-зымырандардың екі батареясын қосқанда мәміле туралы хабарлама алды, бұл Конгреске наразылық білдіруге 30 күн берді, мұндай жағдай сирек кездеседі. Сату туралы хабарлама АҚШ үкіметінің жұмысының 35 күнге ішінара тоқтатуы салдарынан кейінге қалдырылды, бұл қару-жарақ пен әскери техниканы шетелге сатуды мақұлдау процесін бәсеңдетті, сонымен бірге АҚШ Мемлекеттік департаментінен қажетті рұқсатты алуға.
Сату АҚШ-қа ұсынылған «Конго» типті эскадалық минатасығыштарда бірнеше Aegis жүйелерінен тұратын Жапонияның көп деңгейлі зымыранға қарсы қорғаныспен АҚШ-тың артып келе жатқан қолдауын білдіреді. Жапонияның министрлер кабинеті 2017 жылдың желтоқсанында зымыранға қарсы қорғанысты кеңейту жоспарларын бекітті. (ACT, 2018 жылы қыркүйек қар.)
Aegis Ashore жүйелері Standard Missile-3 Block IIA тосқауылшы-зымырандармен жабдықталады деп жоспарлануда, олар қазіргі уақытта сынақтарды аяқтауда. (ACT, 2018 жылы желтоқсан қар.) Тосқауылшы аз және орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандарға тию үшін жеңіліске соққы технологиясын қолданады. Көзделетін мақсаттардың ауқымы артуы мүмкін, себебі 2019 жылы Трамп әкімшілігімен қабылданған зымыранға қарсы Шолуда 2020 жылы құрлықаралық баллистикалық зымырандар класының мақсаттарына қарсы тосқауылшыны сынаққа шақыруды тұспалдайды.
Әскери өнімді сату қосалқы жабдықтан, бағдарламалық жасақтаудан, АҚШ-та құрылыс және логистика бойынша қызмет көрсетулерден және алты тік іске қосу құрылғыларынан тұрады. — САША ПАРТАН
Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.