Астана 12:34
Женева 08:34
Нью-Йорк 02:34

Жаңалықтар

Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының Директоры Әлімжан Ахметов Халықаралық науқан атынан ядролық қаруды жоюды жақтап сөз сөйледі

А.ж. 1 мамырда Нью-Йоркте 2020 жылғы ЯҚТШ Шолу конференциясының Дайындық комитетінің үшінші отырысының ортақ тайталастары барысындаХалықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының Директоры Әлімжан Ахметов Халықаралық науқан атынан ядролық қаруды жоюды жақтап сөз сөйледі (International Campaign to Abolish Nuclear Weapons).

 

Өз сөзінде Ә. Ахметов ЯҚТШ мүше-мемлекеттерін ядролық қаруға тыйым салу туралы Шартқа мүмкіндігінше тезірек қол қоюға және ратификациялауға шақырды, сондай-ақ шартты қабылдау ЯҚТШ VI бабының ережелерін толықтырып, алға жылжытатынын белгілеп кетті.  

 

Сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына жерде таныса аласыз.

*

Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы 2017 жылдың мамырынан бастап ядролық қаруды жою жөніндегі Халықаралық науқанның(International Campaign to Abolish Nuclear Weapons) мүшесі болып табылады және БҰҰ-ның ядролық қаруға тыйым салу туралы Шартты әзірлеу және бекіту жөніндегі  конференциясының екі сессиясына белсене қатысты.

 

 

Біздің Twitter

Facebook