«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлікқоғамы және «Center for International Security and Policy» жекеменшік мекемесі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою
Ядролық қарусыздандыру саласындағы білім беру жобасын іске асыру шеңберінде а.ж. 20 мамырда Семейде Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов және Семей медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісов «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлікқоғамы және «Center for International Security and Policy» жекеменшік мекеме арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумды іске асырудың алғашқы қадамы білім беру жобасы шеңберінде шетелдік жас дипломаттардың Университет жанындағы Анатомиялық мұражайға және Бейбітшілік мұражайына бару болады.