Arms Control Today, жаңалықтар, маусым 2019 ж.
Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.
Сенат әскери уәкілеттіктер туралы қарарға Трамптың ветосын жоя алмады
АҚШ сенаты Йемендегі соғысқа АҚШ-тың қатысуына қатысты Конгресс қарарына а.ж. 16 сәуірдегі Президент Дональд Трамп ветосының күшін жоя алмады. А.ж. 2 мамырда дауыс беру өтті, нәтижесінде 53 сенатор «жақтап» және 45 - «қарсы» дауыс берді, а.ж. 4 сәуірде Палата Өкілдерімен және а.ж. 13 наурызда Сенатпен қабылданған әскери уәкілеттіктер туралы Заңның қарарына Трамптың ветосын жеңуге қажетті 67 дауыс жиналмады (ACT, 2019 жылдың мамыр айы).
«Жағымсыз жаңалық: Иемендегі сұмдық соғысқа АҚШ-тың араласуына қатысты Трамп ветосының күшін жоя алмадық», – деп мәлімдеді Берни Сандерс дауыс бергеннен кейін (Вермонт штаттан тәуелсіз сенатор), ол Сенат қарарын ұсынған болатын. «Жақсы жаңалық: 45 жылдан бері алғаш рет Конгресс қарулы күштерді пайдалану үшін конституциялық жауапкершілікті өзіне қайта бекіту үшін әскери уәкілеттіктер туралы Заңды пайдаланды».
Ветоның күшін жоюға дауыс беру а.ж. наурызда қарарды мақұлдау мәселесі бойынша 54 «жақтап» және «46» қарсы дауыс нәтижесімен Сенаттың дауыс беруін көрсетті, сондай-ақ қарарды қолдап Демократтарға қосылған бес Республикашылдарды ескергенде. Екі сенатор ветоның күшін жою мәселесі бойынша, әр тараптан біреуден дауыс бермеді.
Соғыс туралы шешімді кім қабылдайтыны туралы мәселе а.ж. мамырда Конгрессте талқылаудың орталық тақырыбы болды, себебі заң шығарушылар Иранға Құрама Штаттардың ықтимал әскери араласу мәселесіне алаңдайды. «Конгресс Иранмен соғыс туралы шешім қабылдамаған және әкімшілік Иранға қатысты әскери қимылдар мүмкіндігін қарастырады, ол бірінші кезекте Конгресстің мақұлдауын алуы тиіс», – деп халықаралық қарым-қатынастар бойынша Сенат комитеті төрағасының орынбасары, сенатор Роберт Менендес а.ж. 15 мамырда мәлімдеді (Нью-Джерси штатынан демократ). – ДЖЕФФ АБРАМСОН
B61 бомба өндірісі кейінге қалдырылды
А.ж. 8 мамырда ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық басқарма Басшысы (NNSA) Лиза Гордон-Хагерти АҚШ Сенатының қарулы күштер істері жөніндегі комитетінің стратегиялық күштер бойынша шағын комитетіне жазған өз баяндамасында техникалық мәселелер АҚШ-тың B61 ядролық гравитациялық бомбаның жаңа нұсқасын өндіруге кедергі болғанын мәлімдеді. Жоба бойынша 2020 жылы наурыз айында осы бомбаның сериялы өндірісі басталуы тиіс еді, алайда техникалық мәселелер «мод-12» бомба нұсқасының бірінші блогымен жұмыс жасауда жобаны іске асыруды кідірту мерзімдері бойынша ешқандай баға берілмей кідірістерге алып келді — деді ол.
А.ж. 9 мамырдағы ExchangeMonitor есептемесінде хабарланғандай, кідіріс жаңа оқтықтың кейбір электр конденсаттарының ақауларынан туындаған. Гордон-Хагерти Басқарма алдағы қадамдар туралы шешімді қабылдамас бұрын, бұл мәселені зерттеуге бірнеше ай қажет болатындығын басылымға хабарлады. Америкалық ғалымдар Федерациясының деректеріне сәйкес, ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық басқарма 480 B61-12 бомбаларын жасауды жоспарлап отыр. Жаңа B61-12 бомбалары АҚШ арсеналындағы ең мықты ядролық қару B83 гравитациялық бомбаларды пайдалануға шығаруға алып келетіндігі болжануда, мұндай жағдай алдыңғы B61 бомба нұсқаларында да орын алады. (ACT, 2017 жылдың маусымы).
2018 жылы мамыр айында АҚШ Есеп палатасымен жүргізілген тәуелсіз бағалау B61-12 ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық басқармамен қабылданған LifeExtensionProgram бағдарламасының ең қымбат жобаларының бірі болатынын көрсетті, оның бағалау құны шамамен 10 млрд. долл. және аяқтаудың бастапқы мерзімі 2027 қаржылық жылы. B61-12 «ақылды» бомба деп аталды, себебі оның нақтылығын арттыру мақсатында бомбаны «басқаруды» жеңілдететін өзін-өзі дәлдеу жүйесі бар жетілдірілген артқы блокпен жабдықталатын болады. Жаңа бомбаның артқы блогын жаңғырту жобасының кураторы АҚШ-тың әскери-әуе күштері болып табылады. – ШЕРВИН ТАХЕРАН
АҚШ ядролық арсенал қорлары туралы ақпараттыңашықтығын төмендетуде
А.ж. сәуірде Трамп әкімшілігі АҚШ-тың ядролық арсенал көлемдері туралы және 2018 қаржылық жылдың аяғына қарай демонтаждалған қару саны туралы ақпаратты ұсынудан бас тартты. Бұл шешім Трамптың әкімшілігі бір жыл бойы қолданған 2010 жылы Обама әкімшілігімен ендірілген тәжірибені жойды.
Жыл сайын болатындай, 2018 жылы қазанда Америкалық ғалымдар Федерациясы бұл ақпаратты сұратты, алайда а.ж. 5 сәуірде себептерін түсіндірусіз АҚШ энергетика Министрлігі бұл сұратуды қабылдамады. Ұқсас сипаттағы ақпаратты ашу Қорғаныс министрлігі тарапынан да мақұлдауды талап етеді. Америкалық қалымдар Федерациясының ядролық қорлар бойынша сарапшысы Ханс Кристенсен шешім Қорғаныс министрлігінің кеңсесінен «жоғары» инстанциямен қабылданғанын хабарлаған.
Бұл қадам «ядролық саясат курсының қажетсіз және контрөнімді өзгерісі» болды деп мәлімдеді Кристенсен. Ол жаңа саясат бірқатар теріс салдарға алып келетінін айтты, сонымен қатар Құрама Штаттарды ядролық қаруды таратпау жөніндегі Шарттың алдағы болатын шолу конференциясында қолайсыз жағдайға қоятынын, ал ядролық қаруға ие одақтастарды өзінің ашықтық саясатын қайта қарау қажеттілігіне алып келетінін айтты.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің ақпараттық бюллетенінде 2010 жылы мамыр айына, сол сәтте жаңа ақпаратты сүйемелдейтін, стратегиялық қару-жарақтарды қысқарту туралы Шарт аясында мұндай ашықтық «қаруды таратпау және алдағы уақытта қысқарту бойынша күштер үшін маңызды» деп хабарланды. Сол уақыттан бастап Франция мен Ұлыбритания өз қорлары туралы ақпараттың ашықтығын арттырды, дегенмен олар бұл қорлардың уақыт өте келе өзгергені туралы ақпаратты әлі күнге дейін ашпады. – ШЕРВИН ТАХЕРАН.
Конгресс ЗҚҚ алаңы туралы шешімді күтуде
Өкілдер Палатасындағы демократтар мен республикашылдар АҚШ Қорғаныс министрлігі ұзақ қашықтытағы зымыранға қарсы жүйелерге тосқауылшылардың үшінші базасына арналған орынды таңдағанын талап етуді жалғастыруда.
А.ж. 1 мамырда қаржы бөлу жөніндегі Комитеттің тыңдауларында АҚШ қорғаныс Министрінің міндеттерін атқарушы Патрик Шанахан Өкілдер Палатасының мүшесі Тим Райанға (Огайо штатынан демократ), қолайлы орын туралы шешім қабылданғанын және Конгрессті қабылданған шешім жайлы сол күннен кешіктірмей ақпараттандыратынын хабарлады. Алайда Шанахан әлі күнге дейін қандай шешім қабылданғанын айтпады.
Өкілдер Палатасының мүшесі Элиза Стефаник (республикашы, Нью-Йорк штаты) Пентагон осы сұрақ бойынша соңғы шешім қабылдауын талап етті. Қазіргі уақытта траекторияның орта учаскесінде баллистикалық зымырандарға тосқауыл қоюдың жер үстіндегі кешені ретінде белгілі (GMD), АҚШ ұлттық ЗҚҚ жүйесі Аляскада және Калифорнияда тосқауылшылар базасынан тұрады.
2013 қаржылық жылына ұлттық қорғанысқа бюджеттік қаржы бөлулер туралы Заңда Конгресс АҚШ Корғаныс министрлігі Шығыс жағалауындағы кемінде екі алаңды қосқанда, GMD жүйесін толықтыра алатын үлкен қашықтықтағы тосқауылшылар үшін үш ықтимал жаңа алаңдарға бағалау жүргізуді талап етті.
2016 жылы Қорғаныс Министрлігі үш ықтимал алаңда қоршаған ортаға ықпал ету туралы есептеме жобасын дайындағанын хабарлады: Нью-Йорктегі Форт Драм, Огайодағы Кэмп Гарфилд біріккен оқу орталығы және Мичигандағы Форт Кастер оқу орталығы.
Форт Драм - Элиза Стефаник өкілдік ететін өңірде орналасқан, ал Тим Райан – Кэмп Гарфилд.
2016 және 2018 жылдарға ұлттық қорғанысқа бюджеттік қаржы бөлу туралы заңжобаларда Пентагонға үшінші алаң үшін қолайлы орын көрсету тапсырылған. Дегенмен, а.ж. қаңтарда жарияланған Трамп әкімшілігінің «2019 жылғы зымыранға қарсы қорғанысқа шолу» есептемесінде GMD үшінші алаңын күшейту туралы шешім қабылданбағаны және әлеуетті объектінің орналасу орны «сол сәтте өзекті көптеген сәйкес факторларды ескеріліп, анықталатын болады» деп айтылған (ACT, 2019 ж. наурыз).
АҚШ-тың зымыранға қарсы агенттігі мұндай алаң құрылысына кететін шамамен 3-4 миллиард долл. құрайтын шығындарды GMD қолданыстағы жүйесінің мүмкіндіктерін жақсартуға жұмсаған дұрыс деп бірнеше мәрте мәлімдеді. – КИНГСТОН РЕЙФ
Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.