Астана 12:13
Женева 08:13
Нью-Йорк 02:13

Жаңалықтар

ATT мәселелері бойынша аймақтық семинар

А.ж. 3-4 маусымда Нұр-Сұлтан қ.Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов Қару саудасы туралы шартты әмбебаптандыру және қолдану мәселелеріне арналған аумақтық семинарға қатысты. 

Іс-шараның ұйымдастырушылары Азия-Тынықмұхиты аумағында бейбітшілік және қарусыздандыру мәселелері жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығы және Қазақстанның сыртқы істер Министрлігі болды.

Семинарға Қазақстанның, Қырғыстанның, Тәжікстанның, Өзбекстан мен Монғолияның мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сонымен қатар ҚСШ Хатшылығы мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Ә.Ахметов  өз сөзінде белгілеп кетті: «Бұл Шартқа қатысудың айтарлықтай артықшылығы — бұл экспорттық бақылау саласындағы алғашқы халықаралық шарт... Шартқа қатысу экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді – егер елде экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде қатысу тәжірибесі болмаса. Егер де экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі дамыған болса және Шарттың талаптарына жауап бере алатын болса, онда мемлекеттің оған қатысуы аумақтық және халықаралық қауіпсіздікке үлесін қосады».

 

***

 

Қару саудасы туралы шарт – экспортты, импортты, транзитті және кәдімгі қару-жарақтарды жеткізудегі делдалдық қызметті реттейтін көпжақты халықаралық шарт.

Кәдімгі қару-жарақтарға Шарт келесілерді жатқызады: жауынгерлік танкілер; жауынгерлік брондалған машиналар; үлкен калибрлі артиллериялық жүйелер; жауынгерлік ұшақтар; жауынгерлік тікұшақтар; әскери кемелер; зымырандар және зымырандық ұшыру қондырғылары, атыс қаруы және жеңіл қару-жарақ. Шарттың әрекет етуіне ату жарақтары, кәдімгі қару-жарақтың бөліктері мен құрамдастары кіреді.

Шарт 2013 жылы сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында дауыс беру жолымен қабылданды және 2014 жылы 24 желтоқсанда күшіне енді.

Қазіргі уақытта Шарт 104 мемлекетпен ратификацияланды.

Қазақстан Шартқа 2017 жылы 8 желтоқсанда қосылды (Қазақстан үшін 2018 жылы 8 наурызда күшіне енді). Қазақстан Орталық-Азия аумағынан Шартқа қосылған жалғыз ел болып табылады.

Шарт туралы толығырақ ақпаратпен https://thearmstradetreaty.org/ ресми сайтында танысуға болады.

Біздің Twitter

Facebook