Астана 11:00
Женева 07:00
Нью-Йорк 01:00

Жаңалықтар

CISP директоры Ә. Ахметовтың Ресей ғылым академиясының Төралқасы жанындағы ресейлік Пагуош комитетінің өкілдерімен кездесуі

А.ж. 15 шілдеде Мәскеуде Халықаралық қауіпсіздік және саясат Орталығының директоры Әлімжан Ахметовтың Ресей ғылым академиясының Төралқасы жанындағы ресейлік Пагуош комитетінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Пагуош комитетінің атынан кездесуге ғалым хатшы - Комитет Хатшылығының басшысы Михаил Лебедев және Комитеттің жастар бөлімшесінің Төрайымы  Наталья Самойловская қатысты.

Кездесу барысында ядролық қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелеріне превентивті тыйым салу қажеттілігі мәселесіне ерекше назар аударылды.

Біздің Twitter

Facebook