CISP директоры Әлімжан Ахметов АСОЛД мәселесі бойынша ҮСТ отырысна қатысты
А.ж. 19-21 тамызда Женевада Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелер мәселелері бойынша отырысқа қатысты.
Бұл 2019 жылдағы екінші және қорытынды отырыс Топтың баяндамасын қабылдаумен аяқталды, ол а.ж. қараша айында Женевада өтетін ізгіліксіз қару туралы Конвенцияның қатысушы-мемлекеттер Конференциясында бекітілетін болады.
Топ осы қару түріне превентивті тыйым салу бойынша заңды түрде міндеттейтін халықаралық құралды өндіру бойынша келіссөздердің басталуы туралы келісімге келе алмады. Сонымен қатар, қорытынды құжатта Топтың жұмысын 2020-дан 2021-ге ұзарту ұсынылып отыр.
Бұл дегеніміз, қаруланудың мұндай жүйелерін әзірлеуді жүргізіп жатқан елдер оларды ендіруге қосымша уақыт алғанын білідіреді.
Қазіргі уақытта 29 ел осы қаруға превентивті тыйым салуды жақтайды, ал АҚШ пен Ресей басқа технологиялық дамыған елдердің қолдауымен келіссөздердің басталуына қарсы шығып отыр.
***
Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы 2018 жылдың шілдесінен бастап Әскери роботтарға тыйым салу бойынша Науқанның мүшесі болып табылады және бұл қаруға превентивті тыйым салу бойынша заңды түрде міндеттейтін мәселені алға жылжыту мақсатында өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелер мәселелері бойынша Үкіметтік емес сарапшылар тобының жұмысына белсенді түрде қатысады.