Астана 11:28
Женева 07:28
Нью-Йорк 01:28

Жаңалықтар

CISP директорының Екатеринбургтің “The Treaty of Non-Proliferation of Nuclear Weapons and the New Nuclear Oder” жазғы мектебінің жұмысына қатысуы

2019 жылы 8-10 қыркүйекте Екатеринбургте Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов Шведтік радиациялық қауіпсіздік Агенттігінің қолдауымен Уральдік Федералды Университетпен ұйымдастырылған «The Treaty of Non-Proliferation of Nuclear Weapons and the New Nuclear Oder” жазғы мектебінің жұмысына қатысты.

Ә.Ахметов ядролық қаруға тыйым салу туралы Шарт және өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелеріне превентивті тыйым салу қажеттілігі туралы лекцияларымен сөз сөйледі.

Мектеп жұмысының аясында «Жел қайда соқты» («Куда дул ветер» (Where the Wind Blew) фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Тыңдаушылар ретінде жазғы мектеп жұмысына Екатеринбург, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Томск және Новоуральск ЖОО-нан магистранттар қатысты.

Біздің Twitter

Facebook