Астана 06:43
Женева 02:43
Нью-Йорк 20:43

Жаңалықтар

Arms Control Today, жаңалықтар, қыркүйек, 2019 ж.

Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.

 

Боливия ядролық қаруға тыйым салу туралы Шартты ратификациялады 

А.ж. 6 тамызда Боливия ядролық қаруға тыйым салу туралы Шартты ратификациялады. Бұл 25-ші ратификация, былайша айтқанда, шарт күшіне ену үшін қажетті 50 ішінен жарты жолда. 

Дәлірек айтқанда, Хиросиманы атомдық бомбылау күнінің 74-жылдығы ядролық қарусыздандыру саласында белсенділер үшін өзінің маңыздылығынан Боливия елшісі Сача Лорентимен таңдалды. 70 ел 2017 жылы БҰҰ-да қол қою үшін ашық болған келісімге қол қойды. Бұл ядролық қаруды әзірлеуге, сынауға, өндіруге, жинақтауға, орналастыруға, беруге, қолдануға, қолдану қаупіне тұтастай тыйым салатын  алғашқы халықаралық құжат. Осы міндеттемелерді өзіне алған барлық мүше-мемлекеттер шартты ратификациялағаннан кейін ядролық қарудан толық бас тартқаны туралы жоспарын ұсынуға және іске асыруға тиіс. 

Шарт басқа державалардың ядролық қолшатырларында тұрған  ядролық державалармен және елдермен қабылданбаған болса да,  шартты жақтаушылар бұл ядролық қаруға тыйым салатын қандай да бір халықаралық-құқықтық норманы қалыптастыратынына үміттенеді. – OWEN LeGRONE

 

Ресейдегі АҚШ елшісі отставкаға шығуға сұранды

Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Хантсман-кішісі, а.ж. 3 қазаннан бастап өзінің отставкасы туралы хабарлады. А.ж. 5 тамыздағы кету туралы өзінің мәлімдемесінде ол Мәскеуде болуы «екіжақты қарым-қатынастарда тарихи күрделі кезеңге» түскенін айтты. 2017 жылы наурызда оның қызметінің басталуы АҚШ Үкіметі ішінде алдағы уақытта Ресеймен дипломатиялық қатынастар құруда дұрыс әдісті таңдауға қатысты даумен белгіленді. Бұл сондай-ақ АҚШ-тың орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы Шарттан шығуымен тура келді, бұл оны «өмірге қабілеттілігі мен қарулануды кеңірек мәнмәтінде бақылау туралы келісімнің тұтастығын сақтау үшін» қажетті ретінде 2018 жылы желтоқсанда сипаттады. Ол кету туралы мәлімдемесінде «Біз Ресейді жауапкершілікке тартуды жалғастыруымыз тиіс», - деді.

Хантсман 2009 - 2011 жылдар  аралығында Қытайда және 1992 -1993 жылдары Сингапурде АҚШ елшісі лауазымында болған. Саяси шолушылар оны Юта штатының губернаторы лауазымына ұсыныла алатынын болжайды, ол жақта екі рет болып қойған. Ақ үймен  Хантсманның орнына жаңа кандидатура әзірге айтылмады. – OWEN LeGRONE

 

Франция Полинезияның ядролық сынақтарға мәжбүрлеуін мойындады

А.ж. 5 шілдеде Франция президенті Эммануэль Макрон Париж тарапынан қысымның нәтижесінде 1966 -1996 жылдар аралығында Француздық Полинезия ядролық сынақтар жүргізгенін мойындай отырып, жаңа заңға қол қойды. Полинезиялық аумақтық автономияны реттейтін 2004 жылғы Заңда былай делінеді, Француздық Полинезия «ұлттық қорғаныс мақсатында ядролық қалқан құру» үшін  Францияның плацдармы ретінде ашылды. Бұрын  француз көшбасшылары сынақтарды жүргізуге арналған аумақты ақиқат деп қабылдаған. Алайда, қазіргі уақытта Франция заңды түрде осы аймақтағы  «экономика мен инфрақұрылым саласында қайта құрулар» бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

Францияның заңы сынақ барысында радиациядан зардап шеккен  Полинезия тұрғындарына өтемақыны қарастырады, бірақ а.ж. 27 маусымда  Францияның Конституциялық кеңесі қарастырылған $100-милиондық жылсайынғы көмектің күшін жойды. Көмек алу рәсімдерінің күрделілігінен көңілі қалғанын білдіре отырып, Полинезиялық оппозициялық топтар өтемақылар туралы заңды толығымен жоюға шақырды.

Француздық Полинезияда, Муруроа және Фангатауфа атоллдарының маңында, барлығы 193 ядролық сынақтар өткізілді, олардың көбісі  атмосфералық болды. 2013 жылы құпиясыздандырылған құжаттар радиоактивті ластану үкіметпен айтылғаннан да айтарлықтай кең етек алғанын анықтады. – OWEN LeGRONE.

 

 

Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.

Біздің Twitter

Facebook