Ядролық қарусыз әлемге арналған көрме
Кеше, а.ж. 1 қазанда ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасында «Сіз бағалайтынның бәрі – ядролық қарусыз әлем үшін» сурет көрмесі басталды. Көрменің ұйымдастырушылары – Сока Гаккай интернэшнл (SGI) және Ядролық қаруды жоюды жақтайтын халықаралық науқан (ICAN).
Хиросима мен Нагасаки қасіреті, ауыр салдарын бастан кешкендер үшін және адамзаттың тұрақсыз болашағы — осының барлығы 38 суретте.
«Мен жақындап жатқан апаттан қорқыныш емес, үмітпен рухтанған мақсаттар ғана адамдарды алға жетелейтініне кәміл сенемін». – Дайсаку Икеда (SGI президенті).
Көрме а.ж. 13 қазанға дейін болады. Кіру ақысыз. Өзіңмен бірге жеке куәлік болу қажет.