Астана 06:55
Женева 02:55
Нью-Йорк 20:55

Жаңалықтар

Аймақтық ядролық соғыс апатты ғаламдық зардаптарға алып келеді

Ядролық соғыс зардаптарын үлгілеуші екі ғылыми зерттеулер кейбір жан түршігерлік сандарды анықтады:

  • АҚШ пен Ресей арасында ядролық шиеленіс туындаған жағдайда санаулы сағатта 91,5 миллион өлім,
  • Үндістан мен Пәкістан арасында 100-килотонды ядролық оқтықтарды қолданып бір апталық шиеленіс орын алған жағдайда 125 миллион өлім,
  • үндістандық-пәкістандық шиеленістен кейін атмосфераға шығарылған 36 тераграмм қара көміртек салдарынан жер бетіне түсетін күн сәулесінің 30%-дық тапшылығы,
  • Екі миллиард адам аштық қаупіне ұшырайды.

Екі жүргізілген зерттеу: Принстондық ғылым және ғаламдық қауіпсіздік бағдарламасы – «А Жоспары» және «Аймақтық және ғаламдық апатты білдіретін Пәкістан мен Үндістанның тез артып жатқан ядролық арсеналдары», «шектеулі ядролық шиеленіс» сияқты түсінік жоқ екендігін көрсетеді».

Бұл ойдан шығарылған сценарилер емес. Бұл зерттеу Үндістан мен Пәкістан арасындағы артып жатқан шиеленісушілікке негізделген. Соңғы екі аптада ядролық қаруға ие тоғыз елдің төртеуі зымырандардың сынағын жүргізді. Бұл туралы толығырақ осы жерден оқи аласыздар.

 

Түпкілікті қорытындысы: біз ядролық қаруды қолданғанға дейін жоюымыз қажет.

Және ICAN ядролық қарудан азат әлемге жол салады. Науқан қатысушыларының арқасында 100-ден астам елде біз алға жылжып келеміз.

  • Бүгінгі күні 79 ел ядролық қаруға тыйым салу туралы Шартқа (TPNW) қол қойды.
  • 660 миллионнан астам адамға өкілдік ететін 32 мемлекет шартты ратификациялады. Бұл дегеніміз шарттың күшіне енуі үшін қажетті 50  ратификацияға қарай біз жолдың үштен екісіне жеткенімізді білдіреді.
  • Лос-Анджелес, Сидней, Париж, Манчестер, Берлин, Осло, Вашингтон, Эдинбург, Цюрих, Токио, Торонто және көптеген басқа қалалар Шартты қолдайды және өз үкіметтерін оған қосылуға шақырады.
  • Бүкіл әлем бойынша 1300-дан астам парламентарий Шартты қолдауға және өз үкіметтері оған қосылу үшін жұмыс жасауға міндеттенді.

Біздің Twitter

Facebook