Астана 07:01
Женева 03:01
Нью-Йорк 21:01

Жаңалықтар

Arms Control Today, Жаңалықтарға қысқаша шолу, Қазан 2019 жыл

Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.

 

Үндістан Брамос қанатты зымыранының ұшу алыстығын көбейтті

The Economic Times ресми дереккөзі сәтті жазғы сынақтардан кейін Үндістан өзінің Брамос дыбыстан да жоғары қанатты зымыранының ұшу алыстығын 500 километрге дейін көбейткенін хабарлады. Аталған технологиялық жақсаруға қатысты Нью-Дели көп кешікпей Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияға зымырандардың экспортын бастайтыны туралы алдыңғы хабарламалары болды. Хабарланғандай, кәдімгі қаруланумен Брамос зымыраны әлемдегі ең жылдам қанатты зымыран болып табылады, оның ұшу жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан үш есе артық. Ол Үндістанда BrahMos Aerospace бірлескен үнді-ресейлік кәсіпорынмен өндіріледі.

Кәсіпорынның бас атқарушы директоры Судхир Кумар Мишра, жаңа әлеует Үндістанның Зымырандық технологияларды бақылау режиміне (ЗТБР) мүшелігінің арқасында мүмкін болғанын мәлімдеді. Режимге қосылғанға дейін 2016 жылы Үндістанға Ресей сияқты ЗТБР мүше-елдерінен технологияларға қол жетімсіз болды, 300 километрден астам ұшу ұзақтығымен немесе 500 келіден астам пайдалы жүктемемен зымырандар үшін.

Үндістанға Брамос зымырандарының экспорты  немесе қандай да бір түрлендіруі туралы шешім қабылдағанда ЗТБР шектеулерін ескеру қажет болады.

Sputnik News хабарлауы бойынша, Таиланд, Сингапур және Малайзия  Брамосқа қызығушылық танытты. Үндістан мен Ресейге дос басқа елдер де бұл қарудың жеткізілімдеріне қызығушылық танытуы мүмкін. – Джулия МАСТЕРСОН

 

Үндістан ядролық қаруды қолданбау доктринасында ықтимал өзгертулерді бірінші қарастыруда

Үндістан қорғаныс Министрі Раджнат Сингханың а.ж. 16 тамыздағы Твиттердегі хабарламасына сәйкес, Үндістан ядролық қаруды қолданбаудың өзінің бұрынғы доктринасынан бас тарту мәселесін бірінші қарастыратуы мүмкін деп мәлімдеді.  «Үндістан осы доктринаны қатаң ұстанды, - деп жазды Сингх, - алайда болашақта не болатыны жағдайларға байланысты болады».

Қытай сияқты Үндістан қазіргі уақытта ядролық қаруды кері соққы ретінде қолдануға кепілдік береді. Егер Үндістанның ядролық доктринасы өзгерістерге ұшыраса – бұл алғашқы рет емес. Үндістан ядролық қаруды қолданбау саясатын бірінші болып 1998 жылы қабылдады, бірақ бұл міндеттеме ядролық қаруы жоқ және ядролық қаруға ие мемлекеттердің одақтастары болып табылмайтын мемлекеттерге ғана қатысты деп көрсетті. (ACT, 1999 жыл шілде/тамыз). 2003 жылы Үндістан ядролық күштерге қолбасшылық етудегі өзінің құрылымын ресми түрде жариялады және ядролық қаруды қолданбау саясатын бірінші растады, алайда химиялық немесе биологиялық шабуыл кері ядролық соққыға негіз болуы мүмкін деп қосты, осылайша 1998 жылы белгіленген ядролық қаруды қолданбау шарттарын кеңейтті. (ACT, 2003 жыл қаңтар/ақпан).

Әрекет етуші партия «Бхаратия джаната» (БДП) 2014 жылы Үндістанның ядролық доктринасына түзетулер енгізуге, соның ішінде ядролық қаруды қолданбау туралы мәселеге бірінші оралуға уәде берді. (ACT, 2015 ж. мамыр). Дегенмен бұл уәде 2019 жылғы партия манифестінде болмады, сонымен бірге жоғары лауазымды шенеуніктердің соңғы мәлімдемелері Нью-Делидің ядролық саясатына ықтимал түзетулер туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. – Джулия МАСТЕРСОН

 

Төрт үміткер АЭХА директоры мансабына күресуде

Атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) а.ж. қыркүйекте агенттіктің алтыншы бас директор мансабына төрт үміткер алғанын хабарлады. Барлық төртеуі 18 шілдеде өз мансабында, үшінші мерзімінің ортасында қайтыс болған Жапония өкілі Юкия Аманоның мирасқоры болуға талпынады. (ACT, 2019 ж. қыркүйек).

Үміткерлер - Румыниядан Корнел Ферута, Аргентинадан Рафаэль Мариано Гросси, Буркина-Фасодан Лассина Зербо және Словакиядан Марта Зиакова болып табылады. Оларды а.ж. қазан айының басында агенттіктің басқарушылар Кеңесімен кездесу күтіп тұр, оның құрамындағы 35 ел үштен екі дауыспен көпшілікпен үміткерді мақұлдауы тиіс. Содан соң сайлау рәсімін а.ж. соңына дейін аяқтау мақсатында, Кеңеспен сайланған директор Агенттіктің  мүше-мемлекеттерінің барлығымен бекітілуі тиіс.

Ферута, бұрын Аманоның орынбасары лауазымында болған, қазіргі уақытта Агенттіктің бас директорының міндеттерін атқарушы болып табылады.    Гросси АЭХА жанындағы Аргентина елшісі болып табылады және бұрын Агенттікте саяси мәселелер бойынша Бас директордың көмекшісі лауазымында болған. Зербо ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы Шарт Ұйымының Атқарушы хатшысы болып табылады. Зиакова ядролық реттеу жөніндегі Словакиялық агенттіктің төрайымы болып табылады және бұрын  АЭХА Басқарушылар кеңесі мен Бас конференциясының төрайымы болған. – Грег ВЕББ

 

Пәкістан зымырандық сынақтар жүргізді

А.ж. тамыздың аяғында Кашмир даулы аймағында үндістандық және пәкістандық әскерлер арасындағы қақтығыстар күшейгеннен кейін көп кешікпей Пәкістан ұшу алыстығы 290 км құрайтын баллистикалық зымырандарға сынақ жүргізді. Пәкістанның қарулы күштерінің қ.ж. 29 тамыздағы баспасөз хабарламасына сәйкес, қытайлық үлгі бойынша жасалған Газнави зымыраны оқтықтардың бірнеше түрін жеткізуге қабілетті. Бұл хабарламада сондай-ақ Пәкістан 1999 жылғы Лахор декларациясымен бекітілген сенімді нығайту шараларына сәйкес жүргізілген сынақтар туралы Үндістанға хабарлағаны жайлы айтылған (ACT, 1999 ж. қаңтар/ақпан).

Зымыранға қарсы қорғаныс Альянсының деректері бойынша, Пәкістан қазіргі таңда жеті ядролық баллистикалық зымыранмен жабдықталған, олардың әрқайсысы  ядролық емес атқарымда да жасақтала алады. CNN ақпараты бойынша Газнави зымыранының сынағына дейін, баллистикалық зымырандардың соңғы сынақтары Пәкістанмен а.ж. мамырда, Үндістанның ұлттық сайлау күнінде жүргізілген.

Баспасөз хабарламасында зымыран сынағы «жылдам әрекет ету рәсімдерін өңдеуге бағытталған» даладағы оқу-жаттығудың бөлігі болғаны жайлы айтылды. – ДЖУЛИЯ МАСТЕРСОН

 

Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.

Біздің Twitter

Facebook