Астана 07:32
Женева 03:32
Нью-Йорк 21:32

Жаңалықтар

Бірінші комитеттің сайд ивенттегі «Күш қолдануды маңызды адами бақылауды сақтау — ерекше маңыздылықтағы мәселе» кіріспе сөзі.

Изуми Накамицу ханым, БҰҰ-ның қарусыздану мәселесі жөніндегі Бас хатшының жоғарғы өкілі

Нью-Йорк

21 қазан, 2019 жыл

 

Жоғары мәртебелілер,

Ханымдар мен мырзалар,

 

Әскери роботтарға тыйым салу жөніндегі Кампанияға (Campaign to Stop Killer Robots) іс-шараларыңыздың ашылуында осындай маңызды тақырып бойынша өзімнің шағын ескертпелеріммен сөз сөйлеуге шақырғандарыңыз үшін алғысымды айтуға рұқсат етіңіздер.

Өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелері (АСОЛД) мәселесі Бас хатшы үшін аса маңыздылардың бірі болып табылады. Ол ең маңызды алаңдарда адами бақылаусыз күш қолданумен байланысты қауіптерге ерекше назар аударуға тырысты, сонымен бірге 2018 жылы Бас Ассамблеяның жоғары деңгейлі сегменті барысында.

Бас хатшымен адами араласусыз өмір мен өлім мәселелерінде  шешімдер қабылдау күші мен билігі бар машиналар «саяси тұрғыда өрескел, бейморальды болып табылады және халықаралық құқықпен тыйым салынулары тиіс» деп бірнеше рет белгіленді. 

Бұл күшті мәлімдеме және мен онда қарама-қайшылықтар көріп тұрған жоқпын. Іс жүзінде, ізгіліксіз қару туралы Конвенция алаңындағы талқылаулар мен нәтижелер адами ниеттер күш қолданудың түйінді қағидасы болып табылатынын тек растады. 

Үкіметтік емес сарапшылар тобымен осы салада нормативтік-құқықтық база құру үшін маңызды 11 негізін қалаушы қағидалар бекітілген болатын. Бұл қағидаларды бәтуаластық негізінде қалыптастыру үлкен жетістік болып табылады.

Күмәнсіз, аса жетілдірілген технологияларға қарамастан күш қолдануды адами бақылау сақталу үшін бізді әлі үлкен жұмыс күтіп тұр.  Біз автономды режимі тұжырымды сапалы жаңа деңгейде тұрған  жетекші зерттеулер, әзірлемелер және сынақтар туралы баяндамаларға жиі тап боламыз. Базалық стандарттардың және халықаралық құқықты қолдану туралы бірыңғай ұғымды түсінудің жоқтығынан, біз гуманитарлық қағидаларға немесе қоғамдық сананың талаптарына қарамастан қару-жарақтың автономды жүйелерін пайдаланудың куәсі болатын қауіпте боламыз.

Таяудағы екі жылға іс-әрекеттердің нақты жоспарымен ҮЕҰА алаңында қол жеткізген осыншама маңызды нәтижелері маған дем береді. Сондай-ақ АСОЛД-қа қатысты  нормативті және оперативті базаға   шоғырлануға Топтың шақыруы да маңызды. Ағымдағы жылдағы қорытындылар мемлекеттердің екі өзекті түрлі әдістерін де анықтауға мүмкіндік берді.  Алдағы кезеңге Топтың негізгі мәселесі осы мәселені шешу болып табылатын болады.  

ҮСТ келіспеушіліктерді азайтып, 2021 жылы ҮЕҰК бойынша келесі шолу Конференциясының алдында нормативті және оперативті базаны іске асыра алатынына шынайы үміттенемін. Осы ниеттерді сәтті іске асыру біздің ортақ мүдделерімізде екеніне нық сенемін.

Үкіметтерге осы тұрғыда ауыр жұмыс күтілуде. Әлбетте, менің Кеңсем барлық қол жетімді құралдармен көмек көрсетуге дайын.

Азаматтық қоғам дипломатиялық процесте импульс беруде жетекші рөл ойнайтыны маңызды және осы  рухта жалғастыру тиіс

Мен әскери роботтарға тыйым салу жөніндегі Кампанияға (Campaign to Stop Killer Robots) және азаматтық қоғамдағы басқа серіктестерге ұдайы күштері, шығармашылық тәсілдемелері мен осы жұмысқа қатысқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. 

Қарусыздандыру бойынша Бас хатшының күн тәртібінде барлық тиісті топтар мен органдарды тиісті нәтижелерге жету үшін қаншалықты маңызды екені белгіленеді. Бүгінгі отырыста өкілдер арасында әйелдерді, жастар мен жекеше секторларды көргеніме қуаныштымын.

Технологиялардың тез дамуына байланысты, бұл мәселенің өзектілігін нақты сезінеміз. Көбісінің нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу қарқындары көңілдің қалуына алып келетінін білемін. Әйтсе де, мұндай түңілулерді еңсеру қабілетіміз және бірлескен жұмысты жалғастыру алға жылжуға көмек береді. 

Осы рухта сіздерге нәтижелі талқылау тілеймін.

Біздің Twitter

Facebook