Астана 07:09
Женева 03:09
Нью-Йорк 21:09

Жаңалықтар

Arms Control Today, Жаңалықтарға қысқаша шолу, Қараша 2019 ж.

Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.

 

АҚШ Сирия аумағында хлор қолданылған шабуыл туралы хабарлады 

АҚШ-тың ресми көздері ағымдағы жылы мамыр айында Латакия сириялық провинциясындағы шабуыл кезінде, Сирия хлор негізіндегі қаруды қайта пайдаланғанын мәлімдеді. The Wall Street Journal америкалық газетінің ақпаратына сәйкес, АҚШ-тың барлау қызметі а.ж. 19 мамырда орын алған шапқыншылық Сирия президенті Башар Асадтың қарулы күштерімен жасалған деп санайды, оның нәтижесінде төрттен кем емес адам қайтыс болды.

Сирия 2013 жылы қосылған 1997 жылғы Химиялық қару туралы Конвенция (ХҚК) химиялық қаруды өндіруге, жинауға, беруге және пайдалануға тыйым салады. Химиялық қаруға тыйым салу туралы шарт жөніндегі Ұйыммен (ХҚТҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) басқарылатын бірлескен тергеу механизмі Сирияда химиялық қаруды және басқа да уытты химиялық заттарды, хлорды қосқанда, анда санда болса да,  тұрақты пайдалануын растады.

ХҚТҰ химиялық қаруды «әскери мақсаттарда пайдаланылатын кез-келген химиялық зат»  ретінде анықтағанымен және хлорды химиялық тұншықтырғыш заттардың тізіміне кіргізгенімен, газ тәріздес хлор екіжақты тағайындаулы химиялық зат болып табылады және ХҚК тыйым салған заттарға жатпайды. Демек, сириялық үкіметтің хлор қорлары Сирияда иприт, зарин және химиялық заттар-прекурсорларды жою бойынша ХҚТҰ бағдарламасының бөлігі болмаған, ол Сирияның ХҚК-ға кіргеннен кейін көп ұзамай жүзеге асқан (ACT, желтоқсан 2014 ж.) – JULIA MASTERSON

 

Қытай ҚСШ-ға қосылу мүмкіндігін қарастыруда

А.ж. 27 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында Қытай Қару саудасы туралы шартқа (ҚСШ) қосылуға қызығушылығын білдірді.

Сыртқы істер Министрі Ван И, оның үкіметі Шартқа «қосылу үшін ішкі заңи рәсімдерді ұсынғанын» мәлімдеді. Осыдан кейін көп кешікпей ҚХР сыртқы істер Министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан, Қытай «ҚСШ-ға мүмкіндігінше аса қысқа мерзімде кіруге талпынып жатқанын» хабарлады.

Бұрын, а.ж. 30 сәуірде, АҚШ президенті Дональд Трамп көпшілік алдында келісімнен бас тартқаннан кейін, Қытай ҚСШ-ға қосылуға қызығушылығын білдірген мәлімдемесін жариялады. Шартқа 2013 жылы қыркүйекте Обама әкімшілігі қол қойған, алайда сол күйі ратификацияланбады. А.ж. 26 сәуірде Ұлттық атқыштар қауымдастығымен ұйымдастырылған іс шарада, Трамп Құрама Штаттардың Шарттан шығуы туралы мәлімдеді, бұл «шетелдік бюрократтарға» АҚШ Конституциясына Екінші түзетумен кепілдендірілген бостандықтарды «белден басуға» мүмкіндік берер еді дегенге сілтейді.

2014 жылы 24 желтоқсанда күшіне енген ҚСШ, қаруды заңсыз сатуды және зұлматтар, әскери қылмыстар және халықаралық гуманитарлық құқықтың басқа да бұзуларын жасаған кезде пайдаланыла алатын қаруды сатуды болдырмауға арналған халықаралық стандарттарды белгілейді. Ол қатысушы-мемлекеттерден қару саудасын есепке алудың ішкі жүйесін құруды, олардың аумағындағы брокерлік қызметті реттеуді, Шартты орындау туралы тұрақты есеп беруге және белгілі талаптарды бұзған жағдайда қаруды сатуға жол бермеуді талап етеді.

Қазіргі уақытта мүшелері 105 мемлекет болып табылатын ҚСШ-ға Қытайдың кіруі маңызды оқиға болады, себебі ҚХР қарудың ең ірі әлемдік экспорттаушылардың бестігіне кіреді. – OWEN LeGRONE

 

ҚК жұмыстың алдағы бағдарламасы бойынша пәтуаға келе алмады 

А.ж. қыркүйектің ортасында аяқталған Қарусыздану жөніндегі Конференция (ҚК), 10-шы жыл қатарынан жұмыс бағдарламасын  қабылдауға қатысты пәтуаға келе алмай отыр.

Конференцияның қорытынды есептемесінде а.ж. барлық сессиясы бойы ҚК-ның кезектес төрағалары «жұмыс бағдарламасы бойынша пәтуаға қол жеткізу мақсатында қарқынды кеңес берулер жүргізді», алайда,  осы күштерге қарамастан, олар «табыспен аяқталмады» деп көрсетілген. 1996 жылы қол қою үшін ядролық қаруға тұтастай тыйым салу туралы Шарт  ашылған сәттен бастап, Женевада негізделген және 65 мүшелермен ұсынылған қарусыздану жөніндегі Конференция жұмыс бағдарламасын екі рет 1998 және 2009 жылдары қабылдай алды.

2019 жылғы сессия 48 ресми пленарлық отырыстарды және 16 бейресми отырыстарды қамтыды. А.ж. ақпанда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мемлекеттерді өз келіспеушіліктерін жеңуге шақырды және айтарлықтай қауіптерді білдірді, «қарулануды халықаралық бақылау құрылымының негізгі құрамдастары бұзылып жатқанын» алдын ала ескертті. Ол орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы Шартты, бұл ақырында а.ж. тамызда бұзылған болатын, және стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы Шартты бөлек белгілеп кетті, оның әрекет ету мерзімі 2021 жылдың ақпанда өтеді. «Мен сіздерді сенімділікті қалпына келтіруге көмектесетін диалог арқылы қолданыстағы жүйені қорғау және сақтау үшін барлық мүмкін болатын әрекеттерді үзілді-кесілді түрде жасауға шақырамын» - деді Гутерриш мырза.

          Гутерриш мырзадан басқа, а.ж. сессия барысында конференцияда 40 елдің өкілдері сөз сөйледі, соның ішінде АҚШ пен Ресей. Қорытынды баяндамаға сәйкес, барлық осы жоғары лауазымды тұлғалар, «Қарусыздану жөніндегі Конференциядағы істердің ағымдағы жағдайына алаңдаушылықтарын білдірді».

ҚК Тұрақты күн тәртібі 10 тармақтан тұрады, алайда олардың ішіндегі төрт негізгі мәселелері келесілер: ядролық қарусыздану, бөлшектеуші материалдар өндірісіне тыйым салу, ғарыштық кеңістікте жаппай қару шығаруды және қауіпсіздіктің теріс кепілдіктерін болдырмау. Туындаған амалсыз жағдай, айтарлықтай дәрежеде, осы мәселелерде басымдықтарды орналастыруға қатысты бір мәселедегі ілгерілікті екінші мәселедегі  ілгерілікпен ұштастыру әрекеттерімен қатысушы-мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктермен түсіндіріледі. – SHANNON BUGOS

 

Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.

Біздің Twitter

Facebook