Астана 06:55
Женева 02:55
Нью-Йорк 20:55

Жаңалықтар

Таратпау жөніндегі Мәскеулік конференцияның жұмысына қатысу

А.ж. 7-9 қарашада Мәскеуде Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов таратпау жөніндегі Мәскеулік конференцияның жұмысына қатысты.

 

Конференцияның жұмысына әлемнің 38 елінен келген шамамен 300 сарапшы қатысты.

 

Конференция жұмысының екі күні ішінде сарапшылар таратпау режимінің келешегі мен сын-тегеуріндерін, 2020 жылы ЯҚТШ әрекет етуін қарастыру бойынша Шолу конференциясын, халықаралық қауіпсіздіктің аймақтық аспектілерін (Корей түбегі, Оңтүстік Азия) және басқа да мәселелерді талқылады.

 

Конференцияның ұйымдастырушысы Энергетика және қауіпсіздік орталығы болды.

 


Таратпау жөніндегі Мәскеулік Конференция (атомдық энергетика, қарусыздану, таратпау) – ресейлік астанада 2010 ж. бастап ұйымдастырылып келе жатқан ядролық мәселенаманың өзекті сұрақтары бойынша ең ірі халықаралық пікірталас алаңдарының бірі.

Біздің Twitter

Facebook