Астана 06:44
Женева 02:44
Нью-Йорк 20:44

Жаңалықтар

Arms Control Today, Жаңалықтарға қысқаша шолу Желтоқсан 2019 ж.

Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.

 

Жапония орташа және қысқа қашықтықтағы зымырандарды өз аумағында орналастыру мүмкіндігін азайтады

Жапонияның жаңа қорғаныс министрі орташа және қысқа қашықтықтағы  зымырандарды жою туралы Шартпен (ОҚЗЖШ) бұрын тыйым салынған  АҚШ зымырандарын елдің аумағында орналастыру ықтималдығын азайтып отыр.

А.ж. 31 қазанда The Financial Times басылымына берген сұхбатында, Жапонияның қорғаныс министрі Таро Коно келесіні хабарлады: «АҚШ қазіргі таңда орналастыруға болатын ядролық емес зымырандары жоқ. Мүмкін олар әзірлеу сатысында тұр. Бұл сұрақ талқыланбады».

А.ж. тамызда ОҚҚЗ Шарты әрекет етуін тоқтатқаннан кейін, АҚШ қорғаныс Министрі Марк Эспер Еуропа мен Азиядағы жер үсті орналастырудың орташа және қысқа қашықтықтағы АҚШ зымырандарын  мүмкіндігінше тезірек орналастыруды күтетінін мәлімдеді. Сол уақытта Оңтүстік  Корея мен Австралия бұл сұрақты қарастырмайтынын мәлімдеді.

Сол арада, Ресейдің сыртқы министрі Сергей Лавров а.ж. қарашада Трамптың әкімшілігін Шартты «бұзғаны» үшін тағы айыптады, «біздің америкалық әріптестер ОҚҚЗ туралы шартты бұзу үшін сылтау іздеді» деп мәілмдеді. Ол сонымен қатар, Мәскеу жер үсті орналастырудың орташа және қысқа қашықтықтағы зымырандарды АҚШ орнатпағанша оны жасамайтынын мәлімдеді.

Пентагон ағымдағы жылдың соңына қарай  3000-нан 4000 километрге дейінгі қашықтықпен жерүстінде орналасқан баллистикалық зымырандарға сынақ жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді, алайда сынақтар әлі жүргізілмеді. А.ж. 18 тамызда Құрама Штаттар ОҚҚЗ туралы Шартпен тыйым салынған жерүсті орналастырудың қанатты зымырандарына сынақ жүргізді.

1987 жылы қол қойылған ОҚҚЗ туралы Шарт 2692 америкалық, кеңестік ядролық және қалыпты баллистикалық, сондай-ақ 500-ден 5500 километрге дейін ұшу қашықтығымен жерүстінде орналасқан қанатты зымырандарды жоюға алып келді – SHANNON BUGOS.

 

ХҚТК тыйым салынған химиялық заттардың тізімін жаңартты 

А.ж. 28 қарашада даулардың бірнеше айларынан кейін Химиялық қаруға тыйым салу туралы  Конвенцияның (ХҚТК) мүше-мемлекеттерінің 24-ші конференциясы шартпен тыйым салынған 1 Тізімдегі химикаттардың  тізіміне Жаңа бастаушы ретінде белгілі жүйкелік-салдандырушы улы заттарды қосу үшін жаңартуға келісті.

Жаңа бастаушы ХҚТК 1997 жылы күшіне енгенге дейін қырғи-қабақ соғыс жылдарындағы Кеңес Одағымен әзірленген болатын. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым (ХҚТҰ) Жаңа бастаушы қос агент болған ресейлік тыңшы Сергей Скрипальді өлтіру әрекеті кезінде 2018 жылы пайдаланылғанын растады.

Бастапқыда Ресей Канаданың, Нидерландының және Құрама Штаттардың тыйым салынған улы заттар тізіміне қосу ұсынысына наразы болды, бірақ  алдағы уақытта мемлекеттер 1 Тізімдегі улы химиялық заттардың басқа түрлерін қосу туралы баламалы шешім қабылдағаннан кейін келісті.

Химиялық заттарға тыйым салу бойынша Ережеге Тізімге өзгерістер барлық қатысушы-мемлекеттер үшін ХҚТҰ Бас директорымен бағытталған хабарландыру күнінен бастап 180 күннен кейін күшіне енеді.

А.ж. 28 қарашада жарияланған мәлімдемде ХҚТҰ бас директоры Фернандо Ариас қосымша өзінің әрекет ету кезеңінде бірінші рет жаңартылғанын белгіледі.

«Бұл [ХҚТ] құбылмалы қауіптерге бейімделу қабілетін көрсететін, біруақытта жітілік, икемділік пен мақсаттылығын сақтайтын ХҚТ қабілетін арттыратын маңызды оқиға», - деді Ариас. – DARYL G. KIMBALL

 

Ядролық реттеу жөніндегі Комиссия ұшқышсыздардан АЭС-ты қорғауды талап етпейді

А.ж. 30 қазанда АҚШ-тың ядролық реттеу жөніндегі Комиссиясы (NRC) атомдық электр станция операторларынан ұшқышсыздардың шабуылдарынан қорғауды талап етпейтінін хабарлады.

NRC атомдық электр станцияларын қорғау бойынша талаптарды белгілейді және соңғы екі жыл бойы ұшқышсыздардан шығатын әлеуетті қауіптер зерттелді. А.ж. қазанда жарияланған ашық баяндамада комиссия атомдық электр станцияларында «радиологиялық апаттарға» немесе ядролық материалды ұрлауға алып келуі мүмкін ұшқыштардың шабуылдары орын алған жағдайда «қауіпсіздікке қауіп төндіретін қандай да бір айтарлықтай әлсіздіктері жоқ деген» тұжырымға келді. Ядролық реттеу жөніндегі Комиссия дрондар технологиясының даму үрдістерін бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Алаңдаушылық білдірген ғалымдар Одағындағы ядролық қауіпсіздік Жобасы директорының міндеттерін атқарушы Эдвин Лиман, а.ж. 4 қарашадағы баспасөз хабарламасында NRC шешімі «ұшқышсыздардың ядролық объектілер үшін төндіретін қауіп-қатерлердің кең спектрін елемейді» деп мелімдеді. Ол NRC «реакторды жоюға алып келуі ықтимал лаңкестік диверсиялардан америкалық азаматтарды қорғауға қарағанда, АЭС қауіпсіздігінің төмен құнын ұстап тұруға мүдделірек сияқты» деді .

Әлі күнге дейін әлемдегі бір де бір ядролық реактор ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуылданбады, бірақ Гринпис 2018 жылы шілдеде жүйенің әлсіздігін көрсету үшін ұшу аппаратын Франциядағы ядролық реакторға жолдады. – KELSEY DAVENPORT

 

ІҚК алаңындағы автономды қару бойынша Келіссөздер табыспен аяқталмады

Ізгіліксіз қару туралы Конвенцияның (ІҚК) мүше-мемлекеттері а.ж. қарашада көбіне «әскери роботтар» деп аталатын өлімге әкелетін автономды қару жүйелерінің (АСОЛД) әрекет етуінің қауіптілігін талқылады, алайда АСОЛД әзірленуі мен пайдаланылуын реттейтін құқықтық құрал жасаудың ресми үдерісін бастау үшін ортақ келісімге қол жеткізбеді. Бес жыл бойы бұл мәселе артық бейнет көрсететін қаруларды және іріктеусіз әрекет ететін қаруларды бақылау бойынша қызметтерді атқаратын ІҚК алаңында қарастырылып келеді.

Күрделі талқылаулардан кейін бәтуамен қабылданған ІҚК қорытынды баяндамасында ІҚК мүшелері а.ж. тамызда Үкіметтік емес сарапшылар тобымен әзірленген автономды қаруға қатысты басқарушы қағидаларын мақұлдаған. Бұл қағидалар халықаралық гуманитарлық құқық толық мөлшерде автономды қаруды қолдануға жатады және «Қарудың автономды жүйелерін пайдалану мәселесі адамның жауапкершілігі болуы тиіс» деп белгілейді.

Кейбір тараптар және азаматтық қоғамның өкілдері осы мәселеде ілгеріліктің жоқтығын келекелейді. Бірнеше ондаған елдер АСОЛД әзірлеу және пайдалануға қатысты құқықтық нормалардың белгілі нысанын қолдайды және әскери роботтарға тыйым салу Кампаниясының деректеріне сәйкес 30 ел тыйым салуды қолдады. Үкіметтік емес ұйымдар Коалициясы «АСОЛД-қа қатысты жаңа шарт бойынша келіссөздерді кідіртпей бастау үшін мемлекеттерге қысым көрсетілуде» деп мәлімдеді.

ІҚК қатысушы-мемлекеттері Үкіметтік сарапшылар тобы автономды қарудың «нормативтік және оперативтік база аспектілерін» талқылауды жалғастыру үшін 2020 жылы бес күндік сессияларға қайта жиналатын болып келісті. Талқылаудың қосымша күндері 2021 жылға жоспарланды. – OWEN LeGRONE

 

Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.

Біздің Twitter

Facebook