Астана 06:48
Женева 02:48
Нью-Йорк 20:48

Жаңалықтар

Arms Control Today, Жаңалықтарға қысқаша шолу 2020 ж. қаңтар-ақпан

Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.

 

Франция ОҚЗЖШ әрекет етуін тоқтатқаннан кейін қаруларды бақылау туралы диалогқа ұмтылады 

Франция президенті Эмманюэль Макрон Ресей Президенті Владимир Путиннің орта қашықтықтағы зымырандарды күшейтуге АҚШ пен Ресейдің ғаламдық мораториін енгізу тралы ұсынысын қабылдамады, алайда Париж Мәскеумен диалогқа ашық болып қалатынын белгіледі.

 «Біз Ресеймен ұсынылған мораториді қабылдамадық, бірақ ол талқылау үшін ашық болғандықтан оны елемеуге болмайды деп ойлаймыз», - деп Макрон 2019 жылғы 28 қарашадағы баспасөз-конференциясында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге мәлімдеді. Оның айтуынша, Франция мүдделері үшін мұндай қауіпсіздік мәселелерін Ресеймен диалогта талқылау керек. 2019 жылы қыркүйекте  НАТО Путиннің ұсынысын «сенімге лайықты емес» деп қабылдамады (ACT, 2019 ж. қараша).

Макрон сонымен қатар  Еуропа ОҚҚЗ туралы Шартты алмастыру үшін келуі ықтимал кез-келген әлеуетті келісімге тартылуы тиіс деп мәлімдейді. «Біз қауіпсіздігімізді ешбір еуропалық ел бөлігі болмайтын екіжақты шарттың қолында қалдыра алмаймыз», - деп мәлімдеді Макрон.

2019 жылы 4 желтоқсанда Кремльдің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Макронның Еуропа ОҚЗЖШ балама бола алатын қаруларды бақылау туралы кез-келген келісім бойынша келіссөздерге қатысуы тиіс деген пікіріне ортақ деп мәлімдеді. Келесі күні Путин қорғаныс ведомствосының өкілдерімен кездесу кезінде Макроннан басқа «өзге серіктестерімізден жауап келмеді. Бұл осы қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін шаралар қолдануымызға мәжбүрлейді» деп түсініктеме жасады.

НАТО көшбасшыларының кездесу қорытындылары қарсаңында 2019 жылы 4 желтоқсанда Лондонда елбасылар декларация шығарды, мұнда былай деп хабарланған: «Біз мұнымен жұмыс жасап жатырмыз және Ресеймен орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы Шарттың әрекет етуін тоқтатуға алып келген және еуроатлантикалық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіптер тудыратын орта қашықтықтағы зымырандарды күшейту мәселесін ақылға салып, жауапкершілікпен қарауды жалғастырамыз». – KINGSTON REIF және SHANNON BUGOS

 

Сенатор атыс қаруы экспортының ережесіне  өзгертулер енгізуді тоқтатты

Трамп әкімшілігінің атыс қаруының кейбір түрлерінің экспорты тәртібіне өзгертулер енгізу туралы ұсыныстары желтоқсан айында күшіне енуіне бірнеше күн қалғанда тоқтатылды. Бұл сенатор Боб Менендес (Нью-Джерси округі), халықаралық қатынастар жөніндегі Комитеттің Аға мүшесі әкімшілікті өзгертулерді кейінге қалдыруды сұранған кезде 2019 жылы екінші рет болды.

Оның өткен жылдағы 10 желтоқсандағы өтініші осы өзгертулерге тыйым салатын Палатамен мақұлданған түзету қабылданбаған ұлттық қорғаныс туралы Заңның ақырғы нұсқасы хабарланғаннан кейін келесі күні келіп түсті. (ACT, 2019 ж. желтоқсан) Қайта қаралған ережелердің соңғы нұсқасы   Конгресске 2019 жылы 12 қарашада жолданды, 30-күндік санаудан бастап олардың ресми күшіне енгеніне дейін. Енді әкімшілік түзетулер енгізуді тоқтатуды елемеу туралы шешуі мүмкін, бұл өз кезегінде Менендестің және басқалардың наразылығына алып келуі мүмкін.

Ұсынылып отырған ережелерге сәйкес, жартылай автоматтандырылған және автоматтандырылмаған атыс қаруы мен олардың оқ-дәрілері үшін, және де кейбір қару түрлері үшін экспорттық бақылау Мемлекеттік департаментпен жетекшілік ететін Құрама Штаттардың әскери жабдықтар Тізбесінен сауда министрлігімен жетекшілік ететін Бақылау тізіміне ауыстырылатын болады. Мұндай өзгеріс енгізу кезінде Конгресс болжамды сатулар туралы хабарламаларды басқа алмайтын болады.

2019 жылғы 22 ақпандағы өз хатында Менендес ұсынылған ережелердің әрекет етуін алғаш тоқтатқан кезде, ол Конгресс хабарламалар алуды жалғастыратынына көндірді. Алайда ол бұдан әрі 3D-баспа мәселелерінде тоқтатуды сұрамайтынын белгіледі. Өткен жылы қарашада ұсынылған қайта қаралған ережелерде сауда Министрлігі Ғаламторда 3D-баспа жоспарларын жариялау үшін  лицензия бермейтіні айтылған. Менендес бұл жайында алаңдаушылық білдірді және сауда Министрлігі лицензияға кез-келген өтінімге қатысты «бас тарту презумпциясы» саясатын ұстануды» сұрады. – JEFF ABRAMSON

 

Биологиялық қару туралы Конвенцияның қатысушы-мемлекеттері жаңа технологияларды талқылауда

Жылсайынғы кездесу барысында Женевада 2019 жылы 3-6 желтоқсанда  1975 жылы күшіне енген биологиялық қару туралы Конвенцияның (БҚТК) қатысушы-мемлекеттері, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында жаңа технологиялар мен стратегиялардың пайда болу салдарын талқылады.

БҚТК биологиялық қаруды әзірлеуге немесе иеленуге тыйым салады, бірақ  биотехнологияның тез дамуы шарт қатысушыларынан әскери қолданысқа ие бола алатын осы саладағы озық зерттемелерден хабардар болуды талап етеді. Шарт 183 қатысушы-мемлекеттермен және келісімге қол қойған, бірақ ратификацияламаған мемлекеттермен ұсынылған. Тек 10 мемлекет шартқа қол қоймаған және ратификацияламаған.

Бір сарапшымен жақында БҚТК-ның негізін қалаушы функциясына ерекше назар аударылды – биологиялық қаруды қолдануға кедергі жасайтын ғаламдық норма құруына. «Биомедицина саласындағы кез-келген әлеуеті бар кез-келген үкімет нені қалайды соны ретке келтіріп, синтездей алады. Геномдардың түрленуі оларға жаңа, әлеуетті қауіпті сипаттамалар беріп, залалсыз патогендерді таралуға немесе қазалы қабілеттегі патогендерге түрлендіруі мүмкін», - деп Джон Хопкинс Университеті жанындағы денсаулық және қауіпсіздік Орталығының директоры Том Инглсби, өткен жылы 20 қарашада жаңа қауіптердің туындауын қарастыру жөніндегі Қарулы Күштер Сенатының шағын комитетінің отырысында сөз сөйлегенде мәлімдеді. Геномның секвендеу мәселесіне және өзге пайда болатын тұрақсыздандырушы биотехнологияларға адекватты әсер білдіру, Инглсби мырзаның пікірінше, БҚТК және оны енгізу шарттық қатысушы-мемлекеттерімен күшейтілуі тиіс.  – JULIA MASTERSON

 

Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.

Біздің Twitter

Facebook