Астана 09:14
Женева 05:14
Нью-Йорк 23:14

Жаңалықтар

Arms Control Today, Жаңалықтарға қысқаша шолу 2020 ж. наурыз

Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.

 

АҚШ зариннің соңғы партиясын жоюға кірісті  

А.ж. қаңтарда Құрама Штаттар Кентукки штатының Blue Grass аумағында уландырғыш химиялық заттарды жою бойынша  эксперименталды зауытта өткізіліп жатқан химиялық қарудың оқ-дәрілерін жоюдың соңғы кезеңіне өтті. Оқ-дәрілерді жою 2019 жылдың маусымында басталды және а.ж. қаңтардың соңына қарай 18 тонна химиялық зат жойылды, бұл Blue Grass сақталып тұрған бастапқы қордың 3,4 пайызын құрайды, соның ішінде құрамында зарин бар оқ-дәрілер.

1997 жылғы химиялық қару туралы Конвенция (ХҚТК) 1 Тізімдегі уландырғыш химиялық заттардың барлық тізбесін, иприт пен заринді  қосқанда,  Конвенция күшіне енген күннен бастап 10 жыл ішінде жоюға шақырады. Құрама Штаттар ХҚТК-мен бөлінген уақытқа туралай алмады, сонымен қатар олармен бұл міндеттемелер қосымша уақытта да — 2012 жылдың сәуіріне дейін орындалмады. (АCT, 2006 ж. мамыр). Бүгінгі күні америкалық химиялық оқ-дәрілердің қалған бөлігі Blue Grass-та және Колорадо штатының Пуэбло қаласында химиялық уландырғыш заттарды жою бойынша тәжірибелік кешенде орналастырылды.

А.ж. қаңтарда Blue Grass зарин уландырғыш заттың негізінде оқ-дәрілерді жою – маңызды кезең болып табылады, осыған байланысты кешен басшысы    «Lexington Herald Leader» газетіне «бұл Кентукки штатындағы химиялық қарудың бүкіл қорын жою жолындағы кезекті маңызды қадам» деп хабарлады. Пуэбло қаласында құрамында 2600 тоннадан астам иприт уландырғыш зат бар оқ-дәрілерді жою жалғасуда. – JULIA MASTERSON

 

Ядролық державалар қару-жарақты бақылауды талқылауда 

А.ж. 11–12 ақпанда Лондонда ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың (ЯҚТШ) әрекет етуін қарастыру бойынша Конференция қарсаңында ядролық державалар қару-жарақты бақылау бойынша бірқатар мәселелерді талқылады, ол а.ж. сәуір айында басталуы тиіс. Ядролық қаруға ие ЯҚТШ-мен мойындалған бес мемлекеттің өкілдері (Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ), ашықтық, қарусыздану және тексеру сияқты мәселелерді талқылау үшін ядролық қаруға ие емес 16 мемлекеттен тұратын қатысушыларға қосылды.

Конференцияда Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің жоғары шенді өкілі Томас Дрю төрағалық етті. Басқа делегацияларды басқарғандар: Кристофер Форд, халықаралық қауіпсіздік және таратпау жөніндегі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі; Дэвид Бертолотти, Франция СІМ-нің стратегиялық мәселелер, қауіпсіздік пен қарусыздану жөніндегі директоры; Владимир Леонтьев, Ресей СІМ қару-жарақтарды таратпау және бақылау департаменті директорының орынбасары; және Фу Конг, Қытай СІМ қару-жарақты бақылау Департаментінің бас директоры.

Конг ядролық қаруға ие мемлекеттер а.ж. 14 ақпандағы Қытай сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес ЯҚТШ шолу Конференциясының   «үйлестіруге және ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ табысты қамтамасыз етуге жауапкершілікті алып жүреді» деп мәлімдеді.

Ол сондай-ақ Трамп әкімшілігінің қару-жарақты бақылау бойынша АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерге Пекинді тарту бойынша күштеріне түсініктеме жасады. «Бұл тең дәрежеде қытайлық тарапты қару-жарақты бақылау бойынша үшжақты келіссөздерге түсуі әділетсіз және тиімсіз», – деді ол.

Дегенмен, Құрама Штаттар Қытайды шақырады. «Пекин ядролық күшеюінің траекториясын ескере отырып, стратегиялық қауіпсіздігі үшін күрделі қауіпті төндіреді», – деп қарусыздану жөніндегі  Конференциядағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Роберт Вуд а.ж. 19 ақпанда өзінің Твиттер аккаунтында  мәлімдеді.

Бес ядролық державалар ЯҚТШ шолу Конференциясы кезінде «пікірлермен алмасып, ядролық қару, доктриналар мен қарусыздану мәселелеріне қатысты не ойлайтынымыз туралы сұрақтарға жауап беру үшін» сайд-ивент өткізуді жоспарлап отыр, – деп 2019 жылы желтоқсанда Форд  мәлімдеді. – SHANNON BUGOS

 

АҚШ бес адамды Пәкістанға контрабанда жасады деп айыптауда

Құрама Штаттар Пәкістанның ядролық және зымырандық бағдарламалары үшін американдық тауарларды сатып алу жүйесін ұйымдастырған бес адамға айып тақты, а.ж. 15 қаңтарда әділет Министрлігі хабарлады. Канада, Гонконг, Пәкістан және Ұлыбритания өкілдері Құрама Штаттарда 29 компаниядан тұратын желі ұйымдастырды деп айыпталуда, ол 2015 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың қыркүйегі аралығында, айыптау қорытындысын шығарғанға шейін әрекет еткен.

Бес айыпталушы пәкістандық Равалпинди қаласында орналасқан Business World жалған компаниямен байланысты деп хабарлануда. Федералды соттың айыптау актісі компания қызметкерлерін 1977 жылғы төтенше экономикалық өкілеттер туралы Заңды (IEEPA) және 2018 жылғы экспорттық бақылаудың реформасы туралы Заңды (ECRA) бұзу мақсатында сөз байласты деп айыптады. 

Айыптау қорытындысында перспективалық инженерлік зерттеулер Ұйымына (AERO) және атомдық энергия бойынша Пәкістандық комиссияға (PAEC), AERO (2014 жылдан бері) және PAEC (1998 жылдан бері) желі арқылы тасымалданған жалпы алғанда  38 американдық экспорттық тауарлар «ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат саласындағы Құрамма Штаттардың мүдделерін» елемейтін өзге ұйымдармен қатар АҚШ сауда Министрлігінің ұйымдары Тізіміне  кіретіні анықталды.

Төтенше экономикалық өкілеттер туралы Заңға және экспорттық бақылаудың реформасы туралы Заңға сәйкес, тауарларды тасымалдаушыларға коммерциялық ұйымдар Тізіміне қосылған компанияларға экспортқа лицензиялар қажет. Business World associates серіктестері аталған лицензияларға жүгінбеген және алмаған.

Әділет Министрлігінің баспасөз-релизінде айтылған АҚШ ішкі қауіпсіздік Министрлігінің өкілі шығарылған айып АҚШ-тың түрлі мемлекеттік органдардың, соның ішінде сауда, қорғаныс және ішкі қауіпсіздік министрліктері тарапынан «таратуға қарсы әрекет ету бойынша бірлесіп үйлестірілген күштердің нәтижесі» болды деп мәлімдеді. – JULIA MASTERSON

 

Франция мен Қытай ядролық отынды қайта өндіру мәселесін шешу бойынша ілгері жылжуда 

Франция Қытайда ядролық отынды қайта өңдеу бойынша өнеркәсіптік объектінің құрылысы бойынша жоспарды белсенді түрде іске асыруда, алайда а.ж. 31 қаңтардағы ақырғы мерзіміне қарамастан, объектінің құны мен орналасқан жері әлі жарияланбады.

Объектіні Orano француз компаниясымен салу бойынша бекітілген жоспардың ақырғы мерзімі Франция Президенті Эммануэль Макронмен және Қытай Президенті Си Цзиньпинмен 2019 жылғы қарашадағы кездесулері кезінде келісілген болатын. 2016 жылы Цзянсу провинциясының Ляньюньган қаласында, жергілікті тұрғындардың наразылықтарынан кейін Қытай биліктері дайындық жұмыстарын тоқтатты.

2018 жылы қаңтарда, Макронның Пекинге сапары кезінде, Орано компаниясы (бұрынғы Арева), болжамдар бойынша 12 миллиард долларға түсетін, 800 тонна өткізу қабілетмен  объектінің құрылысы бойынша Қытай Ұлттық Ядролық Корпорациясымен «хаттамалық келісімге» қол жеткізді. Осы жылдың маусым айында Orano болашақ өңдеу  объектісі үшін дайындық жұмысын орындауға келісті, оның құны 23 миллион долларға бағаланады, бірақ келісім жобаны тек басқаруды қамтыды және құжаттардың сапасын бақылау 2018 жылдың соңында күшін жоғалтты. Он жылдан астам келіссөздерге қарамастан, тараптар арасында ешқандай түпкілікті шарттарға қол қойылмады.

Ораноның ресми веб-сайтына сәйкес, «зауытты коммерциялық пайдалануды 2030 жылдардың басында бастау» жоспарымен «келіссөздер қазіргі уақытта қорытындылаушы сатыда тұр.

Франциядан басқа, тек Ресей ядролық отынды өндіреді – ядролық реакторлардың пайдаланылған отынындағы басқа материалдардан плутоний мен уранды бөлетін процесс. –  SHANNON BUGOS

 

Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.

Біздің Twitter

Facebook