Arms Control Today, жаңалықтар, 2019 ж., шілде-тамыз
Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.
Сауд Арабиясының ядролық бағдарламаға қолжетімділігі өлтірушіліктен кейін берілді
Сенатор Тим Кейн 4 маусымда белгілеп кеткендей, 2018 жылы қазан айында Джамаль Хашоггиді өлтіргеннен кейін (АҚШ резиденті және «Вашингтон пост» газетінің түсініктемешісі), АҚШ-тың энергетика Министрлігімен ядролық әзірлемелер бойынша ақпаратты Сауд Арабиясының жекеше компанияларына беруге екі даулы рұқсат ұсынылған болатын. (ACT, 2019 Мамырды қар..)
Екі айдан астам сұратудан кейін және халықаралық қатынастар жөніндегі Сенат комитетінің төрағасы Джим Риштан энергетика Департаментіне келіп түскен тікелей апелляциядан кейін (Айдахо шт.), Кейн 810 бөлімде көрсетілген жеті рұқсатты бекіту күндері туралы мәліметті алды, ал Хашоггиді өлтіргеннен кейін қандай да бір рұқсаттар берілді ме.
«Американдық азаматты қатыгездікпен өлтірген соң сауд режимімен біздің ядролық ноу-хаумен бөлісу үшін Трамп әкімшілігі келісімге қол қойғанын ұғыну одан да үлкен алаңдаушылық тудырады», - деді Кейн.
810 бөлігінің рұқсаттарын беру стандартты тәжірибе болып табылады, әсіресе басқа елмен, мысалы Сауд Арабиясымен, азаматтық ядролық ынтымақтастық туралы кеңірек келісім жасасу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанда.
Алайда, Трамп әкімшілігінде осы келіссөздерге қатысты, рұқсаттарға қолжетімділікті шектеумен бірге ашықтықтың жоқтығы Конгрессте артып жатқан алаңдаушылықты тудырды. Конгресстің көптеген мүшелері және таратпау жөніндегі сарапшылар Таяу Шығыстағы Сауд Арабиясының іс-әрекеттеріне, сонымен қатар Йемендегі соғысқа және сауд көшбасшыларының ядролық қаруды Иран алған жағдайда оны алу ниеті туралы мәлімдемелеріне алаңдайды. – ШЕРВИН ТАХЕРАН
АҚШ Сауд Арабиясындағы баллистикалық зымырандар өндірісін растады
CNN телеарнасы а.ж. 5 маусымда мәлімдеуінше Америкалық арнайы қызмет Сауд Арабиясы Қытайдың қолдауымен баллистикалық зымырандар өндірісінің өз бағдарламасын әзірлеп жатқанын Конгресске хабарлады. Ресми растау а.ж. қаңтарда ашық дереккөздерден келген хабарламалардан кейін болды, бұл Трамп әкімшілігінің алдыңғы брифингтерінде әдейі алып тасталдыма деген сұрақ қойып жатқан Конгресстің кейбір мүшелерін алаңдатты. (ACT, 2019 Наруыз қар.)
Он жылдар бойы Сауд Арабиясы Қытаймен жеткізіліп отырған баллистикалық зымырандарды орналастырып отырды, және Пекин зымырандар ядролық емес жарылғыш заттарды ғана жеткізу үшін түрлендірілгенін мәлімдеді. А.ж. қаңтарда Монтерейдегі Мидлбери халықаралық зерттеу Институтымен жүргізілген кескіндерді талдау, Сауд Арабиясы қытай зымырандары сақталынған өзінің аль-Вата зымырандық базасын кеңейткенін белгіледі, оның мақсаты зымырандық қозғалтқыштар үшін оған өндірістік және сынақ кешенін қосу. АҚШ-тың ресми тұлғалары зымырандық инфрақұрылымдар мен технологиялардың кеңеюіне Қытайда жасалынған жуырдағы сатып алулар септігін тигізгенін Конгресске растады. Баллистикалық зымырандарды Сауд Арабиясында өндіру АҚШ-тың Таяу Шығыста зымырандарды таратуды шектеу бойынша бұрын қабылданған саясатына қарама-қайшы келеді. – ШЕРВИН ТАХЕРАН
Сенат ЯҚТШ мәселелері бойынша АҚШ елшісін бекітті
АҚШ сенаты Пентагонда, ал жақында АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінде қызмет атқарған мемлекеттік қызметкер Джеффри Эберхардтті ядролық қаруды таратпау мәселелері жөніндегі президенттің арнайы өкілі ретінде бекітті. 20 маусымда қабылданған Эберхардттің тағайындалуы шарттың күшіне енуінің 50-жылдығын атап өтетін ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың әрекет етуін қарастыру бойынша 2020 жылғы шолу Конференциясы бойынша әкімшіліктің саясатына сәйкес келеді. Оның өкілеттіктері таратпаумен байланысты көптеген мәселелерді қамтитын болады, соның ішінде Иран мен Солтүстік Кореяны қосқанда, сондай-ақ Шартты сақтамаудағы басқа да мәселелер. Жақында Эберхардт қарулануларды бақылау, тексеру және сақтау бойынша Бюродағы Мемлекеттік департаменттің көпжақты және ядролық мәселелер жөніндегі Басқарма директорының лауазымында болған.
Иранға келсек. Сенатқа кандидатураны ұсыну бойынша тыңдалу барысында, Эберхардт «ядролық қаруға ие емес ЯҚТШ қатысушы-мемлекет ретіндегі жағдайын жақсы деп айтуға болмайды» деп мәлімдеді. Мемлекеттік хатшы Майк Помпео, осы мәлімдемеге түсініктеме бере отырып, а.ж. 3 маусымдағы сұхбатта «бұған түсініктеме бергісі келмегенін» айтты. Қарулануды бақылау жөніндегі Мемдепартаменттің бас дипломаты Андреа Томпсон, бастапқыда а.ж. 15 мамырдағы Сенат тыңдалымдарында сұраққа жауап беруден қашуға тырысты, бірақ әрі қарай Эберхардттің мәлімдемесі «дұрыс» деп мойындады, біз мұны сақтау туралы есептемеде баяндадық [Қарулануды бақылау жөніндегі Мемлкеттік департаментінің]». А.ж. сәуірде жарияланған сақтау туралы 2019 ж. есептемеде Иранның ядролық амбицияларына қатысты алаңдаушылық білдірілді, алайда ЯҚТШ бойынша өз міндеттемелерін немесе ядролық әзірлемелер саласында оның қызметіне шектеу қойған 2015 жылғы көпжақты мәміле бойынша өз міндеттемелерін сақтамаудың ешқандай дәлелдемелері болған жоқ. – ШЕРВИН ТАХЕРАН
Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.