Астана 11:52
Женева 07:52
Нью-Йорк 01:52

Жаңалықтар

Ядролық сынақтарға есік жабу. Дарeл Дж. Кимбалл, Атқарушы директор

Arms Control Association Атқарушы директоры Дарел Кимбалл Шығыс Қазақстандағы П-1 Семей сынақ полигонының сынақ алаңының маңында. Тамыз, 2018 ж.

 

Ядролық қару соғыс кезінде екі рет пайдаланылғаны және күрделі зардаптары болғаны барлығына белгілі. Алайда ядролық қаруды ірі ауқымда соғыстан кейін қолдану  назардан тыс қалып отырады: ең аз дегенде сегіз ел 2056 ядролық жарылыс сынағын өткізді, олардың көбісі Хиросима мен Нагасакиды жарған бомбалардан әлдеқайда ірі болды. Тек Құрама Штаттар атмосферада, су астында және жер астында 1030-дан астам ядролық жарылыс жасады.

Жүз мыңдаған адам қайтыс болды, миллиондаған адамдар ядролық  сынақтардың салдарынан туындаған радиацияға байланысты зардап шекті. Қасіреттің ғаламдық ауқымдарын түсіну үшін тым көп уақыт кетті.

Құпиялылық әуел бастан-ақ қауіпсіздіктен басым болған, 70 жыл бұрын, 1949 жылы 29 тамызда,  Кеңес Одағы өзінің алғашқы ядролық сынағын Шығыс Қазақстанда жасырын Семей-21 қаласының маңында өткізген. Биліктегілер жергілікті тұрғындар осы сынақтың нәтижесінде зиянды радиоактивті заттардың әсеріне ұшырайтынын түсінген, бірақ оларды бұл тоқтатпады, ұлттық қауіпсіздік үшін олар сынақтар өткізді, 1980 ж. соңында ақпарат жайылғаннан кейін ғана зарарын мойындады, бұл ақпарат радиацияның ықпалына анағұрлым көп адам ұшырағанын және салдары Кремль алдын мойындағаннан да едәуір күрделі болғанын көрсетті.

Қазақстан Үкіметінің ағымдағы бағалауына сәйкес, кеңес сынақтарының нәтижесінде тек бір Қазақстанның өзінде шамамен 1,5 миллион адам зардап шеккен.2008 жылы қазақстандық және жапондық дәрігерлермен жүргізілген зерттеу семей сынақ полигонына іргелес аудан тұрғындары сынақ жылдарына радиацияның 2000 миллизиверт әсерлі дозасын алғанын көрсетті. Кейбір шиеленіс нүктелерінде адамдар одан да жоғары дәрежедегі ықпалдарға ұшыраған. Салыстыру үшін, орташа статистикалық американдық жыл сайын шамамен 3 миллизиверт радиация әсеріне ұшырайды. Елдің басқа облыстарына қарағанда, Шығыс Қазақстанда тұратын адамдар арасында ракпен ауыру деңгейі 25-30% жоғары.

1989 жылға қарай ядролық сынақтардың денсаулыққа әсер ету себебі бойынша артып жатқан қауіптер қарапайым қазақтарды сынақтарға қарсы наразылық танытуға және оларды өткізуге тыйым салуды талап етуге мәжбүр етті.  Олар Невада-Семей ядроға қарсы қозғалысты ұйымдастырды. Жаппай қозғалыс артты, онымен бірге сынақтарға қарсы халықтық қысым да артты, нәтижесінде қазақстандық билікті және сол кезде Кеңестік Қазақстанның президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевты 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі ядролық сынақтарды үзілді-кесілді тоқтатуға түрткі болды.

1991 жылы 5 қазанда КСРО президенті Михаил Горбачев ядролық сынақтарға біржылдық мораторий жариялады, бұл жайт АҚШ конгресінің екіпартиялық коалициясының кеңес сынақтарын тоқтатуға сәйкес келетін заңжобаны ұсынуына алып келді. 1992 жылы заңжоба президент Джордж Буш-үлкенінің наразылықтарына қарамастан заңға айналды. Келесі жылы азаматтық қоғамның көшбасшылары мен Конгрестің қысымымен президент Билл Клинтон мораторийді созуды және ядролық қаруларға жалпыға бірдей тыйым салу туралы ғаламдық Шарт(ЯҚЖТШ) бойынша келіссөздер бастауды шешті, 1996 жылы оған қол қоюға алып келді.

ЯҚЖТШ ядролық қаруларға мықты тыйым салды.Қазіргі уақытта 184 қол қоюшысы бар Шартты ғаламдық қолдау күшті болып табылады және шарттың Халықаралық мониторинг жүйесі  тәртіпке салынған және бастапқыда ойлағаннан да функционалдырақ болып табылады. Бүгін алғаш рет 1945 жылдан бері бірде-бір ядролық мемлекетте ядролық сынақтардың белсенді бағдараламасы жоқ.

Әйтсе де, алдағы ядролық сынақтар үшін есік ашық болып қалады. Шарт 184 мемлекетпен қол қойылғанына қарамастан, оның күшіне енуі сегіз мемлекетпен  тежеліп отыр, ең алдымен АҚШ-пен, Қытаймен және Солтүстік Кореямен, олар пактіні ратификациялаудан бас тартты.

Жағдай Трамп Ресейді ЯҚТЖШ-ға қатысты ешбір дәлелдер келтірместен, ЯҚЖТШ дәл неге тыйым салатыны жайлы анықтық жоқтығын жалған мәлімдей отырып, алаяқтықта кінәлағаны қиындап келеді және ол ЯҚЖТШ-ның күшіне енуіне қолдау білдіруден бас тартты.

Ядролық қаруларға әрекет етуші мораторийді және шарттағы қолдарды ескере отырып, Вашингтон мен Пекин ЯҚЖТШ-мен байланысты міндеттердің бір бөлігін әлдеқашан алып жүр. Бірақ олардың бас тартуыолар да, өзгелер де қауіпсіздік тұрғысынан шарттың артықшылықтарымен толықтай пайдалана алмайды, соның ішінде жасырын ядролық сынақтарды жақсырақ табу және тежеу мақсатында объектілерде жедел инспекцияларды қосқанда.

Шарттың күшіне енуі сонымен қатар ядролық сынақтардан денсаулыққа әрі қарай залал келтірудің алдын алады және жауапты мемлекеттерге  ядролық сынақтардың қауіпті мұрасымен күресуге мүмкіндік береді. Қазақстанда, мысалы, бұрынғы полигонның кең аумағына қолжетімділік шектеулі болып қалды. Көп аудандар радиоактивті ластану жойылмағанша жарамсыз болып қала береді.

1940 және 1950 жылдары Құрама Штаттар ауқымды жерүсті ядролық сынақтар жүргізген Маршалл аралдарында бірнеше атоллдар бұрынғыдай қатты ластанған, жергілікті халық көшірілген, ал кейбір көмілген радиоактивті қалдықтар көп кешікпей мұхитқа кіріп кетуі мүмкін. АҚШ Конгресі 1945 жылы АҚШ-тың алғашқы ядролық сынақтарынан зардап шеккен адамдарды 1990 ж. радиациялық әсерден өтемақы туралы Заңға сәйкес бекітілген денсаулықты бақылау бағдарламасына қосу бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Біздің ұрпақ болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі мүддесінде және ядролық қарудан зардап шеккен адамдардың құрметіне әрекет етуі тиіс. Елдерді ЯҚЖТШ-ны ратификациялауға және ядролық қару дәуірінің адамзаттық және  экологиялық бүлдіруші зарары туралы мәселені жалпыға бірдей шешуге итермелей отырып, ядролық қаруларға есікті құлыпқа жабатын уақыт келді.

 

Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.

Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.

Біздің Twitter

Facebook